Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Келтемашат ауылдық округіне қарасты:
1) Кершетас ауылындағы Заречная көшесінің аты Ғажап, Мельничная көшесінің аты Диірмен көшесі;
2) Келтемашат ауылындағы Мир көшесінің аты Бейбітшілік, Заречная көшесінің аты Бастау, Родниковая көшесінің аты Жас өркен көшесі;
3) Даубаба ауылындағы Восточная көшесінің аты Самал көшесі;
4) Ақсай ауылындағы Лесхозная көшесінің аты Аламан көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі С.Қамбарбеков