Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы Водозаборная, Макаренко, Аэродромная, Волков, Доцевская, Энгельс, Королев, Нариманов, Терешкова, Пионерлер поселогы, Бауман, Морской клуб, II Майлықожа көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 30-225-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 299 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 мамырда N 14-15-92 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шардара ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Шардара қаласындағы Водозаборная көшесі Ақ шағала атымен аталсын.
      Макаренко көшесі Астана атымен аталсын.
      Аэродромная көшесі Алатау атымен аталсын.
      Волков көшесі Тәуелсіздік атымен аталсын.
      Доцевская көшесі Халықтар достығы атымен аталсын.
      Энгельс көшесі Бекет ата атымен аталсын.
      Королев көшесі Алаш атымен аталсын.
      Нариманов көшесі Ынтымақ атымен аталсын.
      Терешкова  көшесі Таңшолпан атымен аталсын.
      Пионерлер поселогы көшесі Ақ босаға атымен аталсын.
      Бауман көшесі Жасұзақ Ахментаев атымен аталсын.
      Морской клуб көшесі Бәйтерек атымен аталсын.
      ІІ Майлықожа көшесі Бекзат Саттарханов атымен аталсын.
      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия  төрайымы                           Р.Қарабаева

      Аудан әкімі                                М.Мараим

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Бердібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады