Шардара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 324 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 маусымдағы N 400 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 шілдеде N 14-15-96 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 ақпандағы N 66 Қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2011.02.07 N 66 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы № 259 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы» Шардара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 324 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-15-75 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 4 маусымда «Шартарап-Шарайна» газетінің № 23 нөмірінде жарияланған) қаулысымен бекітілген Қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      6-тармақта «еңбекақы мөлшері» деген сөздер алынып тасталсын;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс»;
      10-тармақта «қарастыруы тиіс» деген сөздер «қарастырылады» сөзімен ауыстырылсын;
      4-тарауы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Бердешовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                М.Мараим

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады