Ескерту. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2012.02.24 N 2-11-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1-тармағы 15-тармақшасына, Шардара ауданы әкімдігінің "Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 26 шілдедегі № 473 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шардара ауданы көлеміндегі елді мекендердің түзету коэффициенттері және аймақтардың шекаралары төмендегідей аймақтарға бөлінеді:
1) Шардара қаласы бойынша:
1-ші аймаққа - орталық базар аумағы. Төле би көшесінің сол жаққа бұрылысындағы аялдамаға, Н.Төреқұлов көшесінің орталық базарға кіре берісіндегі қақпаға дейінгі, саз мектебі мен шекаралас аумақтары қоса енгізіле отырып, түзету коэффициенті – 1,0 болып;
2-ші аймаққа - кіші автобекет аумағы. Төле би көшесінің Шардара су бөгетіне дейінгі, көшенің екі жақ беті, осы аумақ кіші автобекет аумағына барып тірелгенге дейінгі, аймақтың түзету коэффициенті – 0,75 болып;
3-ші аймаққа - қала аумағындағы қалған аймақтар енгізіліп, түзету коэффициенті – 0,5 болып бекітілсін.
2. Аудан көлеміндегі ауылдық округтері елді-мекендерінің түзету коэффициенті – 0,6 болып бекітілсін.
3. «Шардара ауданының елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Шардара аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 сәуірдегі № 5-26-ІІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1265 тіркелген, 2004 жылғы 2 шілдеде аудандық «Өскен өңір» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т.Ағманұлы
Аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков