Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шардара ауданының Шардара қаласындағы атауы жоқ шағын аудандарға Өтеғұл, Мелдеби, Ақбала, Абай атауымен және Мешіт шағын ауданы Қанай Датқа атымен аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Мараим
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Т.Ағманұлы
Аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков