Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы көшелер атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 39-298-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 769 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда N 14-15-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шардара қаласындағы Лермонтов көшесіне Мамыр Жалаңбасовтың;
      Пирогов көшесіне Сейтқасым Әшіровтың;
      Титов көшесіне Әлішер Есіркеповтың;
      Павлов көшесіне Мырза Наурызбаевтың;
      Шардара тұйығына Ақдәулет Сандыбаевтың;
      Жібек жолы көшесіне Бөдес Тажиевтің есімдері берілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі                                М.Мараим
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Т.Ағманұлы
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т.Бердібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады