Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына 4) тармақшасына сәйкес, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты:
Шардара ауылы орталығындағы атауы жоқ көшесіне Тілегенов Күзенбай атауы берілсін;
Шардара ауылы орталығындағы Сельхозхимия көшесі Тәуелсіздік көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Қ.Абуовке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі: Б.Жамбаев