Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - ШҚО мәслихаты аппаратының 2010.12.29 N 743/01-06 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 827 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2521, «Дидар» газетінің 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 3-4, 2010 жылғы 12 қаңтардағы № 5-6, «Рудный Алтай» газетінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 1-2 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 қосымшада:
«Денсаулық сақтау» 5 функционалдық тобында:
«Мамандандырылған медициналық көмек» 3 кіші функциясында:
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» әкімшісі бойынша:
019 «Туберкулез ауруларын туберкулез ауруларына қарсы препараттармен қамтамасыз ету» бағдарламасында 6 бағандағы «141272,0» сандары «132276,1» сандарымен ауыстырылсын;
027 «Халыққа иммунды алдын алу жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу» бағдарламасында 6 бағандағы «699656,0» сандары «709429,4» сандарымен ауыстырылсын;
036 «Жіті миокард инфаркт сырқаттарын тромболитикалық препараттармен қамтамасыз ету» бағдарламасында 6 бағандағы «71050,0» сандары «70272,5» сандарымен ауыстырылсын;
25 қосымшада:
«Барлығы» жолында:
5 бағандағы «133873» сандары «133623» сандарымен ауыстырылсын;
7 бағандағы «227167» сандары «227417» сандарымен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9 жолда:
5 бағандағы «9313» сандары «9063» сандарымен ауыстырылсын;
7 бағандағы «29015» сандары «29265» сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы М. Ибраимов
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы В. Ахаев