Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 590 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 қарашада N 2538 тіркелді

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 7-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қалалар мен аудандардың әкімдері, "Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д.А. Гариков) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Таукебаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
З. Сағынов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 21 қазандағы № 590
қаулысымен бекітілді

Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.04.2024 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

   № р/с

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Ұзындығы, км

1

КF-16

Өскемен-Таулы Үлбі-Северное 16-60 км

44

2

KF-9

Өскемен-Тарғын-Самар 15-145 км

130

3

KF-1

Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха 72-87 км

15

4

KF-20

Алтайка-Чапаево 0-37 км

37

5

KF-21

Октябрь өткелі-Алтайка-Ново-Хайрузовка 0-83 км

83

6

KF-24

Үлкен Нарын-Күршім 0-135 км

135

7

KF-25

Күршім-Қалжыр 0-131 км

131

8

KF-26

Теректі-Урунхайка-Төсқайың 0-91 км

91

9

KF-62

"KF-25 Күршім-Қалжыр"-Ақбұлақ-Қараой- Ашалы 0-98 км

98

10

KF-14

Көкпекті-Самар-Васильевка өткелі 40-169 км

129

11

KF-423

Құлынжон өткеліне кіреберіс 0-12 км

12

12

KF-30

Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар-"М-38 Омск-Майқапшағай" 30-124 км

94

13

KF-29

Қарасу-"М-38 Омск-Майқапшағай" 0-12 км

12

14

KF-2

Шемонаиха-Секисовка 0-56 км

56

15

KF-158

"М-38 Омск-Майқапшағай"-Шілікті-Ақжар 0-128 км

128

16

KF-237

Новотроицк ауылына кіре беріс жол 0-22 км

22

17

KF-49

Өскемен-Бобровка 0-13 км

13

18

KF-129

Бобровка–Шаңғы базасы км 0-9

9

19

KF-50

Өскемен-Тарханка 0-15 км

15

20

KF-357

Веселое ауылына кіре беріс жол 0-3 км

3

21

KF-138

Тарханка-Топиха 0-12 км

12

22

KF-54

Средигорное-Ново Поляковка-Малонарымка 0-58 км

58

23

KF-435

Қайыңды ауылына кіре беріс жол 0-4 км

4

24

KF-11

Мамай батыр - Бозанбай 0-34 км

34

25

KF-12

Мамай батыр - Бозанбай-Алғабас-Тарғын 0-36 км

36

26

KF-39

Шемонаиха-Үлкен Өзен 0-36 км

36

27

KF-40

Шемонаиха-Усть-Таловка кенті 0-9 км

9

28

KF-418

Құйған ауылына кіре беріс жол 0-3 км

3

29

KF-419

Қалғұтты ауылына кіре беріс жол 0-1 км

1

30

KF-60

"Күршім-Қалжыр"-Бурабай-Маралиха 0-75 км

75

31

KF-61

"Күршім-Қалжыр"-Ақсуат 0-47 км

47

32

KF-163

"Күршім-Қалжыр"-Маралды"-Теректібұлақ 0-11 км

11

Жалпы ұзындығы

1583 км


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады