2010 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 5831 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда № 5-1-136 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 05 қаңтардағы № Ин-6/751 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2011.01.05 № Ин-6/751 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 «2010-2012 жылдарға Өскемен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-127 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға біржолғы материалдық көмек 2010 жылы 10000 (он мың) теңге мөлшерінде «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшесі арқылы келесі құжаттарды:
      1) біржолғы материалдық көмек көрсету туралы өтінішті;
      2) жеке басын растайтын құжатты;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
      4) Өскемен қаласындағы тіркелімін растайтын құжатты;
      5) көп балалы ана мәртебесін растайтын құжатты ұсынғанда жүргізілсін.
      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер түрінде (анықтамадан басқа) "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Өскемен қаласының әкімі             И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады