2010 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 6749 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде № 5-1-140 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 06 қаңтардағы № Ин-6/5 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2011.01.06 № Ин-6/5 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 17, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының  14) тармақшасына сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім 2010 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – соғыс қатысушылары) жылына тек бір рет үйге жеткізумен «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы материалдық көмек төлеуді:
      1) тұрғын үйге жөндеу жүргізу үшін қала аумағында балалары жоқ немесе мүгедек балалары немесе зейнеткерлік жастағы балалары бар жалғыз тұратын немесе жұбайларымен тұратын соғыс қатысушыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
      2) тіс протездеу үшін шығындарды өтеу үшін 26000 (жиырма алты мың) теңгеден артпайтын сомасында;
      3) жеке салынған үйлерде тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын соғыс қатысушыларына отын сатып алу үшін 10000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      4) Астана және Мәскеу қалаларындағы мерекелік іс-шараларға қатысу үшін делегация қатысушыларын бірыңғай киім үлгісімен қамтамасыз ету үшін 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде жүргізсін.
      2. Материалдық көмек алу үшін бөлімге материалдық көмек төлемінің түріне сәйкес құжаттарды ұсыну қажет:
      1) жазбаша өтініш;
      2) жеке бас куәлігі;
      3) соғыс қатысушысының мәртебесін растайтын құжат;
      4) азаматтарды тіркеу кітапшасы;
      5) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжат;
      6) тіс протездеуді жүргізуге төлем туралы түбіртектер;
      7) салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі                   И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады