Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010.07.23 N 26/4 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2223 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурыздағы № 30 – 31 «Дидар» газетінде, 2005 жылғы 19 наурыздағы № 42 – 43 «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ережедегі:
5 тармақтағы 12 саны 10 санымен ауыстырылсын;
26 тармақтағы 12 % саны 10 % санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы –
қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк