Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2011.01.06 № 03-09/2 хаты.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 17 мамырдағы № 21/269-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2531 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 20/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 5-1-127 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 және 23 қаңтардағы «Дидар» газетінде, 2010 жылғы 22 және 25 қаңтардағы «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1 қосымшадағы «ІІ. ШЫҒЫНДАР» бөлігінде:
12 функционалдық топта:
«Көлік және коммуникация» жолындағы «1 396 485,1» деген сандар «1 378 903,1» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» жолындағы «1 396 485,1» деген сандар «1 378 903,1» деген сандармен ауыстырылсын;
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» жолындағы «765 685,1» деген сандар «748 103,1» деген сандармен ауыстырылсын:
15 функционалдық топта:
«Трансферттер» жолындағы «159 505,4» деген сандар «177 087,4» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі» жолындағы «159 505,4» деген сандар «177 087,4» деген сандармен ауыстырылсын;
«024 «Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» 17 582» деген жолмен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Сайлаубаев
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк