Кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 181 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 сәуірде N 5-2-126 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 677 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 29.04.2013 № 677 қаулысымен.
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.02.06 N 117 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 19 бабына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру Ережесіне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Нұсқаулығы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.02.06 N 117 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                             М. Айнабеков

Қала әкімдігінің
      3 наурыздағы 2010 жылғы
     N 181 қаулысымен
      бекітілді

Кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
      Нұсқаулығы

      Ескерту. Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.02.06 N 117 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Нұсқаулық «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру Ережесіне сәйкес әзірленді және кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу мәселелері жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдылықтың қолданылуын егжей-тегжейлі нақтылайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.02.06 N 117 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) өтініш беруші – кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адам, сондай-ақ, жұмыссыз;
      2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруін, тамақтануын, тұруын және медициналық куәландыруын жартылай немесе толық төлеу;
      3) жұмыспен қамтылғандар – табысы бар, аз қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар еңбекке жарамды жастағы адамдар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.02.06 N 117 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Өңір шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
      3. Өңір шегінде тұру, тамақтану, медициналық куәландыру, оқу орнына барып, қайта қайту шығындарының өтеуін қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жүргізеді.
      4. Медициналық куәландыру шығындарының өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп, нәтижесіне қарамастан төленеді.
      5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды бөлімнің жолдамасы бойынша өтеді.
      6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен соң бір айдан кешіктірмей жүргізіледі.
      7. Бөлімде ресми тіркелген және кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.02.06 N 117 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Шығындардың өтеуін алуға өтініш беру шарттары

      8. Өтініш беруші бөлімге жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
      9. Өтініш иесі өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шынайылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

3. Қажетті құжаттардың тізбесі

      10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
      1) жазбаша өтініш. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжат, салық төлеушінің нөмірі – СТН, адрес бюросының анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы, банктегі жеке шотының үзінді көшірмесі қоса тіркеледі (осы құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады). Қаланың ауылдық округтарында тұратын азаматтар үшін адрес бюросының анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының орнына ауылдық әкімдіктен тұратындығы туралы анықтама;
      2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымал түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
      3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.

4. Шығындарды өтеудің мөлшері

      11. Шығындардың толық өтелуі:
      1) медициналық куәландыру – құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
      2) өңір шегіндегі оқу орнына барып, қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі.
      12. Қаланың ауылдық және кенттік округтарында тұратын өтініш берушілердің тұру шығындарының ішінара өтелуі олардың оқу мерзімінде қалада жатақханада тұрғаны үшін – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына жеті айлық есептік көрсеткіштен аспағанда жүргізіледі.
      Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айына жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.02.06 N 117 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Семей қаласында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.02.06 N 117 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Шығындарды өтеу төлемдерінің шарттары

      14. Шығындарды өтеудің төлемі халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын орындауға қаралған қалалық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
      15. Тұру шығындарын ішінара өтелуі оқу аяқталысымен немесе ай сайын жүргізіледі.
      16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
      17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі оқу орнына барып, қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
      18. Шығындардың толық немесе ішінара өтелуі ақшалай түрде өтініш берушінің жеке шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
      
      
      «Семей қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы                  Қ. Төлесбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады