"Кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыспен қамтылған қызметкерлердің, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Нұсқаулығын бекіту туралы" 2010 жылғы 3 наурыздағы № 181 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 06 ақпандағы N 117 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 наурызда N 5-2-156 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 677 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 29.04.2013 № 677 қаулысымен.
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1026 қаулысына және қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 45/296-IV «Семей қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 29 желтоқсанда № 5-2-151 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қаңтардағы № 1 «Семей таңы» және 2012 жылғы 3 қаңтардағы № 1 «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыспен қамтылған қызметкерлердің, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Нұсқаулығын бекіту туралы» 2010 жылғы 3 наурыздағы № 181 қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 5 сәуірде № 5-2-126 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 14 “Семей таңы” және 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 14 “Вести Семей” газеттерінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Нұсқаулығын бекіту туралы»;
      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Нұсқаулығы бекітілсін.»;
      3) осы қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Нұсқаулығы»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Нұсқаулық «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру Ережесіне сәйкес әзірленді және кәсіби оқытуға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу мәселелері жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдылықтың қолданылуын егжей-тегжейлі нақтылайды.»;
      «Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өтініш беруші – кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адам, сондай-ақ, жұмыссыз;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Бөлімде ресми тіркелген және кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ, жұмыссыз азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.»;
      «Шығындарды өтеудің мөлшері» деген 4-бөлімде:
      1213-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қаланың ауылдық және кенттік округтарында тұратын өтініш берушілердің тұру шығындарының ішінара өтелуі олардың оқу мерзімінде қалада жатақханада тұрғаны үшін – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына жеті айлық есептік көрсеткіштен аспағанда жүргізіледі. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айына жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
      13. Семей қаласында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
        
      Семей қаласының әкімі                               А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады