Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2011.03.31 N 627 қаулысымен.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес, 2010 жылдың көктемі мен күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақтылы және сапалы түрде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2. Шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
3. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (2-қосымша).
4. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (Қ. С. Балтеков, келісім бойынша) ұсынылсын:
1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
2) дәрігер-мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;
3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу.
5. «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Сұлтанов А.Д., келісім бойынша) ұсынылсын:
1) шақырылушылардың талдауларының зертханалық, кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;
2) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесін қажетті орындар санымен қамтамасыз ету;
3) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін қаланың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің дәрігерлер мен орта медицина персоналдарының қажет санын бөлу;
4) шақырылушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылауға алу.
6. Қалалық шақыру комиссиясының мүшесі – дәрігерге (Сейітқалиева М. Т., келісім бойынша) ұсынылсын:
1) шақырылушыларды медициналық куәландыру және медицина персоналының жұмысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
2) дәрігерлер кеңесін, пікір алмасуларды қамтамасыз ету.
7. Курчатов қаласы полиция бөлімінің бастығына (Тюлежанов Е. Ж., келісім бойынша) ұсынылсын:
1) шақырылушыларды әскерге аттандыру және қалалық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ескеруімен мерзімді әскери қызметке шақырылудан және әскери есепке тұрудан бас тартатын азаматтарды іздестіру мен оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу.
8. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.
9. Қаланың қаржы бөлімі (Уағызов А. У.) шақыруды қаланың 2010 жылға арналған бюджетімен белгіленген қаражаттар шегінде қаржыландырсын.
10. «Курчатов қаласы аумағында 2009 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» әкімдіктің 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 667 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 28 сәуірінде 5-3-71 нөмірімен тіркелген, «Дидар» газетінде 2009 жылдың 12 мамырдағы 67 нөмірінде, «Рудный Алтай» газетінің 2009 жылдың 08 мамырында 67-68 нөмірлерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі А. ГЕНРИХ
КЕЛІСІЛДІ:
Курчатов қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы Қ. БАЛТЕКОВ
Курчатов қалалық полиция
бөлімінің бастығы Ж. ТЮЛЕЖАНОВ
«Курчатов қаласының қалалық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорын бас дәрігері А. СҰЛТАНОВ
Курчатов қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 20 сәуірдегі
№ 330 қаулысына 1-қосымша
Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы: |
Балтеков Қанихан Сайлауұлы – қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (келісім бойынша) |
Төрағаның орынбасары: |
Старенкова Елена Васильевна – қала әкімінің орынбасары |
Комиссия мүшелері: |
Тәшімбетов Жүсіп Мейірбекұлы – полиция бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Комиссия хатшысы: |
Маралова Қарлығаш Амангелдіқызы – «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі (келісім бойынша) |
Курчатов қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 20 сәуірдегі
№ 330 қаулысымен бекітілген
Курчатов қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 20 сәуірдегі
№ 330 қаулысына 2-қосымша
Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
№ |
Жасөспірімдер санаты |
Барлығы |
Жасөспірімдердің саны |
|
Көктем |
Күз |
|||
1 |
Жұмыс істейтіндер |
55 |
30 |
25 |
2 |
Жұмыс істемейтіндер |
45 |
20 |
25 |
3 |
Барлығы: |
100 | 50 | 50 |
---|