Ескерту. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты (Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 05 қаңтардағы № 02/04-10 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Риддер қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген, білім беру мамандарына:
1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сессияның төрағасы О. Солонников
Қалалық маслихат хатшысы А. Ермаков