Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2010.12.24 N 555 қаулысымен (2011.01.01 бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Аймақтық жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша мынандай жолдармен шаралар қабылдансын (бұдан әрі - Қатысушылар):
1) техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырылсын;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылсын.
2. Жұмысқа орналастыру төмендегi критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1) қатысушылардың «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде (бұдан әрi – Бөлiм) жұмыссыз ретiнде тiркелуi;
2) қатысушыларды iрiктеу кезеңiңде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;
3) жасы 24 жасқа дейiн;
4) жұмыс мерзiмi 6 айға дейiн.
3. Жастарды жұмысқа орналастыру меншiк түрiне тәуелсiз, ұйымдарда (бұдан әрi – Жұмыс берушi) Жұмыс берушi мен Бөлiм арасындағы шарттың негiзiнде ұйымдастырылады және өткiзiледi.
Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрі мен көлемі және жұмысты төлеудің шарттары, қаржыландыру көздері және уақыты көрсетілуі керек.
4. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс берушi мен жұмысқа қабылданған Қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.
5. Қаулыда көрсетілмеген басқа да шарттар Жұмыс беруші мен Қатысушылардың арасында бекітілген еңбек шартында көрсетіледі.
6. Қатысушылардың еңбегін төлеу республикалық бюджеттен 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшеріндегі қаржыны олардың дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
7. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған Қатысушылардың еңбек шарттарын төлеуге кеткен шығындарын төлеу республикалық бюджеттен 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде жартылай қайтарылады.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтар санындағы жұмыссыздардың еңбегін төлеу орындалған жұмыстың қиындығына, сапасына және санына қарай еңбек шартындағы жағдайларға сәйкес Жұмыс берушінің еңбекті төлеу қорынан ай сайын жүзеге асырылады.
9. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы Жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың түсуіне байланысты кезек тәртібімен жүргізіледі.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.В. Каһармановқа жүктелсiн.
11. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылғы 01 сәуірде туындаған қарым-қатынастарға таратылады.
Риддер қаласының әкімі Д.Ю. Кавригин