2010 жылғы 21 қаңтардағы № 419 «2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 мамырдағы N 136 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 17 маусымда N 5-4-137 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 555 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2010.12.24 N 555 қаулысымен (2011.01.01 бастап күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабының, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 қаңтардағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің негізінде жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау және мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Риддер қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 419 “2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы” (№ 5-4-127 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелген, “Лениногорская правда” газетінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) қаулысымен бекітілген, 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары тізіміне толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары С.В. Каһармановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 01 маусымнан бастап пайда болған қатынастарға тарайды.

      Риддер қаласының әкімі             Д.Ю. Кавригин

Риддер қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 25 мамырдағы
№ 136 қаулысына
қосымша

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және
нақты жағдайлары


р/р

Ұйымдар аты

Қоғамдық жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыстар көлемі

Сұраныс (жарияланған қажеттілік)

Ұсыныс (бекітілген)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

39

«Риддер қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бекітілген аумақты жинау бойынша жұмыстар;
Эпизодтық түрдегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша күн сайынғы жұмыс.

300 шаршы метр
20 адам

1

1

1

1

Риддер қаласының бюджеті

40

«Пригородное ауылдық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі

Ливино ауылында мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, балалардың шығармашылық көркем өнерлерін ұйымдастыру

20 іс-шара

1

1

Риддер қаласының бюджеті

41

«Риддер қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және мал дәрігерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мал дәрігерлік тексеру, Риддер қаласында мал шаруашылық есеп жүргізу.

7742 аула

2

2

Риддер қаласының бюджеті

42

Облыстық кәсіптік-облыстық кәсіптік-техникалық оқу орталығының «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің Риддер қалалық филиалы

Аумақты жинау;
Гүлзарларды суару;
Ағаштарды кесу және шабу;
Көмірді қоймаға тасу;
Атқыш тирді қоқыстан тазалау;
Гараждарды жинау және тазалау, Қашаларды бояу;
Гараждардың қақпасын бояу

500 шаршы метр;
300 шаршы метр;
10 текше метр;
20 тонна;
300 шаршы метр;
10 дана;
200 шаршы метр;
120 шаршы метр

2

2

Риддер қаласының бюджеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады