Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2010.12.24 N 555 қаулысымен (2011.01.01 бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабының, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 қаңтардағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің негізінде жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау және мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары бекітілсін.
2. Қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері 2010 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде бекітілсін, қаланы көгалдандыру және тазалау бойынша жұмыстардың ақысының сомасы ең төменгі еңбекақының 1,5 есебінен бекітілсін, барлық қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы бекітілсін.
3. Ұйым басшыларына (келісім бойынша), жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге) толық емес жұмыс күнмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін қолдану ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары С.В. Қаһармановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн арасында қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 01 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға тарайды.
Риддер қаласы әкімінің
міндетін атқарушы Д.Ю. Кавригин
Риддер қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 419 қаулысымен бекітілген
2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін
ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі,
қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары
Ескерту. Тізімге өзгерту енгізілді - Риддер қаласы әкімдігінің 2010.05.25 № 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
№ р/р |
Ұйымдар аты |
Қоғамдық жұмыс түрлері |
Атқарылатын жұмыстар көлемі |
Сұраныс (жарияланған қажеттілік) |
Ұсыныс (бекітілген) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
«Риддер қаласының тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Қаланың қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалау, қоғамдық көліктің аялдамаларын және жүргіншілер жүретін жолдарды қардан тазалау; мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеу, қатынас қағаздарды тасу |
жылына 312820 - 515889 шаршы метр; күн сайын 15-20 құжат, |
90 6 |
90 6 |
Риддер қаласының бюджеті |
2 |
«Үлбі кенттік округі әкімі» мемлекеттік мекемесі |
Кенттің аумағын көркейту және жинастыру бойынша жұмыстар (аумақты қоқыстан, қардан тазалау, қоғамдық көліктің аялдамаларын жинау және әктеу); |
жылына 30000 шаршы метр, 15 аялдама; жылына 2000 шаршы метр; жылына 550-745 дана; 1147 аула; әр іс-шараға 15-20 адам үшін |
15 2 |
15 2 |
Риддер қаласының бюджеті |
3 |
«Пригородный ауылдық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі |
Тұрғындардың жеке меншік малдарын есепке алу; |
12 елді мекендер мен 85 шаруа қожалығын жылында 2 рет; |
4 |
4 |
Риддер қаласының бюджеті |
4 |
«Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Тұрғындар арасынан жалғыз басты қартайған азаматтарды анықтау, жалғыз басты қартайған азаматтарды күту; |
Ай сайын 10-нан 15 адамға дейін; |
10 |
10 |
Риддер қаласының бюджеті |
5 |
«Риддер қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ескертулер жіберу үшін учаскелік инспекторларға көмек көрсету, құқық бұзу фактілерін табу; |
полицияның 8 учаскелік пункті; |
34 |
34 |
Риддер қаласының бюджеті |
6 |
«Шығыс Қазақстан облысының Республикалық филиалының мемлекеттік кәсіпорыны Риддер қалалық бөлімшесі «Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталық» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеу; |
Жылына 7500 жиынды сканирование жасау, жылына 2500 дана істі мұрағатқа жіберу үшін рәсімдеу, тізбекті дайындау - 3 дана; |
6 |
6 |
Риддер қаласының бюджеті |
7 |
«Риддер қаласының азаматтық қорғаныс істері бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Әскерге шақырылған адамға шақыру қағазды жеткізу бойынша жұмыстарды орындау; |
Жылына 2300 дана; |
12 |
12 |
Риддер қаласының бюджеті |
8 |
«Риддер қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге дайындыққа қатысу (Поперечное және басқа ауылдарда) |
Жылына 28 іс-шара |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
9 |
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Риддер қалалық филиалы |
Орын-жайлар мен филиалға қарасты аумақты тазалау |
Күн сайын 240 шаршы метр |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
10 |
ШҚО бойынша ӘС сот орындаушыларының Риддер аумақтық бөлімі |
Мұрағаттық жұмыстармен жұмыс істеу (құжаттарды іздеу, құжаттарды жою актілерін жасау, істер номенклатурасының тізімдемесін құру, мұрағаттық байламдарды жасақтау); |
Мұрағаттық құжаттарды іздеу жылына – 6000 дана, құжаттарды жою актілерін құрастыру жылына- 5000 дана, номенклатуралар тізімін құру - 5000 дана, мұрағаттық байламдарды жасақтау - 5000 дана; |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
11 |
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Номенклатуралық бақылаудағы жеке істерді мұрағаттандыруда көмек көрсету, бақылау мен жеке істерді жүргізу; |
Жылына 1050 жеке іс; |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
12 |
«Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Жастардың бос уақыттарын мәдени түрінде ұйымдастыруға көмек көрсету; |
Жылына 10 іс-шара; |
4 |
4 |
Риддер қаласының бюджеті |
13 |
«Психолого- педагогикалық коррекция кабинеті» мемлекеттік мекемесі |
Дамуда мүмкіншіліктері шектеулі балалардың әлеуметтік және еңбектік өсуіне, әлеуметтік-психологиялық өсуі үшін жағдай туғызуды қамтамасыз ету, күнделікті жұмыстарды өткізу, топтық, жеке тәрбиелік және музыкалық сабақтарды өткізуге көмек көрсету; |
Аз уақытқа келетін саны 6 және одан көп баладан тұратын 5 топ 45 баланы қамтиды. |
6 |
6 |
Риддер қаласының бюджеті |
14 |
«Светоч» балалар приюті» мемлекеттік мекемесі |
Ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу; |
Үй қабырғаларының сыртқа шығып тұрған төменгі бөлігін әктеу - 80 шаршы метр, ғимараттың ішкі қабырғаларын әктеу - 750 шаршы метр, панелді әктеу 670 шаршы метр, еденді сырлау – 230 шаршы метр |
8 |
8 |
Риддер қаласының бюджеті |
15 |
«Риддер қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Мұрағатпен жұмыс істеу (карточкаларды алып тастау, құжаттарды жою, құжаттарды жасақтау, мұрағаттық құжаттарды іздеу); |
Кітап, журналдарды, қабылдау, шығару қағаздарын қалыптастыру жылына – 4000 дана, құжаттарды жою жылына – 5000 дана, папкелерді тігу, үй кітапшаларын тіркеу – 1800 дана; |
6 |
6 |
Риддер қаласының бюджеті |
16 |
Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі тіркеу қызметі комитетінің «Қозғалмайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Риддер қалалық филиалы |
Құжаттарды ресімдеуге және мұрағатпен жұмыс істеуге көмек көрсету |
Жылына 1700 дана рәсімдеу;төлқұжаттардың көшірмелерін рәсімдеу жылына – 720-800 дана; |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
17 |
«Риддер қаласының сәулет және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Күнделікті қабылдау, объектілерді қабылдауға енгізу бойынша құжаттарды өңдеу және беру, шешімдерді беру; картографикалық, статистикалық мәтіндік ақпараттарды жинау |
Объектілердің мекен-жайларын меншіктеу жылына - 110 дана; қаулы дайындау жылына - 30 дана; күн сайын мәліметтер жинақтау 25-30 |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
18 |
«Риддер қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Кеткендер, келгендер және қайтыс болған сайлаушылар бойынша «Жеке тұлғаларды есепке алу» компьютерлік бағдарламада жұмыс істеу; |
Күн сайын 50-60 дана; |
6 |
6 |
Риддер қаласының бюджеті |
19 |
«Сокол» Стадион» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
Ғимаратқа қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу; |
Күн сайын 600 шаршы метр |
12 |
12 |
Риддер қаласының бюджеті |
20 |
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі салық комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық Департаментінің Риддер қаласы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесі |
Салық салу объектілерінің, салық төлеушілердің, СТН базасын анықтау, мүлікті ресмилендіруді тіркеуді анықтау, акциздік посттардағы кезекшіліктің есебін жүргізу; |
Күн сайын 200 объект; |
8 |
8 |
Риддер қаласының бюджеті |
21 |
«Риддер қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды қабылдауда және беруде көмек көрсету, жер учаскелері бойынша статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу, мақсатты пайдаланатын жер учаскелерін анықтау, жер учаскелерін түгендеуге қатысу |
35-40 құжат |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
22 |
Қазақстан Республикасының білім ғылым Министрлігінің «Биологиялық зерттеу орталығы» Мемлекеттік республикалық кәсіпорын жанындағы Алтай ботаникалық бағы |
Ғылыми коллекциялық табиғи флораларды күту бойынша жұмыстар; |
Табиғи флораларды 4 гектар, дендрарий 12 гектар, гүл өсіру 3 гектар, жеміс шаруашылығы 15 гектар. |
8 |
8 |
Риддер қаласының бюджеті 50% Кәсіпорын 50% |
23 |
«ШҚО бойынша статистика Департаменті» Риддер қаласының статистика бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Сайлау зерттеулерін жүргізуде көмек көрсету; |
Есеп берулерді компьютерлік өңдеу күніне-20 дана, құжаттарды іріктеу және тігу күніне 3-5 қорап |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
24 |
«Риддер қаласының мемлекеттік тілді оқыту» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны |
Ағымдағы және мұрағаттық құжаттармен жұмыста көмек |
Күн сайын 20-30 құжат |
3 |
3 |
Риддер қаласының бюджеті |
25 |
«Риддер қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Басылымдарды жеткізу. |
Күн сайын 10-15 құжат |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
26 |
«Риддер қаласының орталық кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесі |
Күн сайын орын-жайларды тазалау; мәдени-көпшілік іс-шараларды әзірлеп өткізуге қатысу |
66,5 шаршы метр; |
4 |
4 |
Риддер қаласының бюджеті |
27 |
«Риддер қаласының спорт және дене тәрбиесі бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мәдени- көпшілік шараларын өткізуіне көмек көрсету, оның ішінде мүмкіншілігі шектеулі адамдар үшін; |
Жылына 60 іс-шара |
4 |
4 |
Риддер қаласының бюджеті |
28 |
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанындағы соттық әкімшілік жүргізу жөніндегі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы соттар әкімгерінің» Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының соты» мемлекеттік мекемесі |
Шақыру қағазын жеткізу |
Күн сайын 15-20 шақыру қағазы |
6 |
6 |
Риддер қаласының бюджеті |
29 |
«Незабудка» әйелдерді қолдау орталығы |
Әлеуметтік қорғалмаған әйелдерге нақты көмек көрсету бойынша мәселелерді шешуге жәрдемдесу |
Офистің 5 жұмысшысына және 13 округтың ұйымдастырушыларына көмектесу |
4 |
4 |
Риддер қаласының бюджеті |
30 |
«Риддер қаласының кәсіпкершілік бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Орын-жайларды тазалау; |
110 шаршы метр; |
6 |
6 |
Риддер қаласының бюджеті |
31 |
«Риддер қалалық қазынашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Басылымдарды жеткізу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеу |
10-15 құжат |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
32 |
«Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы «Дінмұхаммет Қонаев» мешіті» діни бірлестіктің филиалы |
Мешіттің аумағын тазалау бойынша жұмыс; |
Күн сайын 230 шаршы метр |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
33 |
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бойынша министрлігі Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар бойынша Риддер қаласы департаменті |
Белгіленген аумақты тазалау және көгалдандыру бойынша жұмыс |
0,32 гектар күн сайын |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
34 |
«Риддер қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Тексеру комиссиясының құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыс; |
Күніне 3 рет. |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
35 |
Риддер қаласының мамандандырылған әкімшіліктік соты |
Құжаттармен жұмыс; |
күн сайын 15-20 құжат; |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
36 |
Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Әлеуметтік қорғау және бақылау бойынша әлеуметтік қорғау комитеті және бақылау бойынша департамент» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттармен жұмыс; |
Іс –номенклатураларын құрастыру-300; |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
37 |
Шығыс-Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Риддер қалалық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын |
Белгіленген аумақты тазалау және көгалдандыру бойынша жұмыс |
Подъездің жолдарын және шатырды қардан тазарту - 20000 шаршы метр; |
4 |
4 |
Риддер қаласының бюджеті |
38 |
«Радио-Мақсат» мүмкіншілігі шектеулі серіктестік |
Радиохабарлаудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтитын күнделікті жұмыстарды өткізуде көмек көрсету |
Күніне 8-10 үзілген жерді жөндеу, хабарлама қағазды тарату 80-90 дана, 2660 радионүктеге қызмет көрсету |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
39 |
«Риддер қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Бекітілген аумақты жинау бойынша жұмыстар; |
300 шаршы метр |
1 1 |
1 1 |
Риддер қаласының бюджеті |
40 |
«Пригородное ауылдық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі |
Ливино ауылында мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, балалардың шығармашылық көркем өнерлерін ұйымдастыру |
20 іс-шара |
1 |
1 |
Риддер қаласының бюджеті |
41 |
«Риддер қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және мал дәрігерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мал дәрігерлік тексеру, Риддер қаласында мал шаруашылық есеп жүргізу |
7742 аула |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
42 |
Облыстық кәсіптік-облыстық кәсіптік-техникалық оқу орталығының «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің Риддер қалалық филиалы |
Аумақты жинау; |
500 шаршы метр; |
2 |
2 |
Риддер қаласының бюджеті |
Барлығы: |
300 |
300 |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады. Жұмыссыздардың қатысуының орташа ұзақтығы 6,0 айға дейін, зейнетақы алдындағы жастағылар үшін 1 жылға дейін.
Риддер қаласы әкімінің
орынбасары С.В. Каһарманов