"Бизнестің жол қартасы-2020" бағдарламасын іске асыру аясында жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 554 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қаңтарда N 5-4-144 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы N 1352 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2011.12.28 N 1352 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13),  14)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 57 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының 58 баптарына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында (әрі қарай -Қатысушылар) техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру жолымен жастарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдансын.
      2. Жұмысқа орналастыру төмендегi критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
      1) «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде (әрі қарай – Бөлiм) жұмыссыз ретiнде тiркелген қатысушыларды жұмысқа жіберу;
      2) қатысушыларды iрiктеу кезеңiнде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;
      3) түлектің жасы 24 жасқа дейiн;
      4) жұмыс мерзiмi 6 айға дейiн.
      3. Жұмысқа орналастыру кәсіпкерлік субъектілерінде (әрі қарай – Жұмыс берушiлер) Жұмыс берушi мен Бөлiм арасындағы шарттың негiзiнде ұйымдастырылады және өткiзiледi.
      Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрі мен көлемі және жұмысты төлеудің шарттары, қаржыландыру көздері және уақыты көрсетілуі міндетті.
      4. Еңбек шарттары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, Жұмыс берушi мен Қатысушының арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      5. Қаулыда көрсетілмеген басқа да шарттар Жұмыс беруші мен Қатысушылардың арасында жасалған еңбек шартында көрсетіледі.
      6. Қатысушылардың еңбегін төлеу республикалық бюджеттен 26 000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде қаржыны олардың дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.В. Каһармановқа жүктелсiн.
      8. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылдың 01 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға тарайды.
 

      Риддер қаласының әкімі                Д.Ю. Кавригин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады