Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.04.26 N 41 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілде № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 және 44 бабтарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес және Абай ауданының шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу өткізу мақсатында ШЕШЕМІН:
1. Абай ауданының шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу өткізілсін.
2. Шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтарды медициналық куәландыру 2010 жылдың қаңтар–наурыз аралығында жүргізілсін.
3. «Абай ауданының медициналық бірлестігіне» Коммуналды Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын директорына (Битенова Қазима Қажымұханбетқызы) (келісімі бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;
2) жатып емделетін орындарды, емдеу-сауықтыру мекемелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар бөлу;
3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырылушылардың тізімдері тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын ұйымдастыру.
4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім (майор Нұржауов Бауыржан Какимжанович) (келісімі бойынша) төмендегі шараларды өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын:
1) азаматтардың тізімге алынуын өткізуге әскерге шақыру пунктін дайындау;
2) азаматтарды зерделеу үшін қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің жеке құрамына барлық ауылдық округқа баратын жылжымалы топ құру. Жоғарғы әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіруші жасөспірімдерге үгіт насихат жұмысын жүргізуге арнайы топ құрылсын, білімі жақсы жасөспірімдерді жоғарғы әскери оқу орнына, Кадет корпусына және әскери техникалық мектебіне іріктеу жүргізу.
5. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Татиева Сағдат Әбікеновна) шақырылатындардың жеке істерін рәсімдеп, шақыру қағаздарын тарату үшін 3 техникалық жұмысшыларды бөлу тапсырылсын.
6. Ауылдық округ әкімдеріне тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
7. «Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Имаханов Ерлан Молдағалиевич) төмендегі шаралар міндеттелсін:
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу және білім деңгейін тексерсін;
2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлер іріктелсін.
8. Абай ауданының ішкі істер бөлімі (Айтказин Шалқар Жұманұлы) (келісімі бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге хабарлау;
2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.
9. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Лдибаевқа жүктелсін.
10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі: Е. СҮЛЕЙМЕН
КЕЛІСІЛДІ:
Абай ауданының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің
бастығы: Нұржауов Бауыржан Кәкімжанұлы
22 ақпан 2010 жыл
Абай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы:
полиция подполковнигі Айтқазин Шалқар Жұманұлы
22 ақпан 2010 жыл
Абай ауданының медицина бірлестігінің
директоры: Битенова Қазима Қажымұханбетқызы
22 ақпан 2010 жыл