Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурыздағы N 184 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірде N 5-5-106 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 06 наурыздағы № 368 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013.03.06 № 368 қаулысымен.
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
 
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемелекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19-бабының, 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына сәйкес Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға сәйкес, кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Жүнісжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      
      Аудан әкімі:                           Е. СҮЛЕЙМЕН

Абай ауданы әкімдігінің
04 наурыз 2010 жылғы
№ 184 қаулысының
қосымшасы бекітілген

       Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемелекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19-бабының, 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы нұсқаулықтар

      1. Осы нұсқаулықта қолданылатын негiзгi ұғымдар:
      1) өтiнiш берушi – кәсiптiк оқуға жiберiлген және шығындарын өтеуге өтiнiш бiлдiрген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтар;
      2) шығындарды өтеу - өтiнiш берушiнiң жол жүруiне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына шыққан шығынды iшiнара немесе толық өтеу.
      2. Өтiнiш берушi медициналық куәландыруды «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жiберуi бойынша өтедi.
      3. Тұрғылықты жерiнен басқа жерде оқитын, өтiнiш берушiнiң жол жүру, тұру, медициналық куәландыру шығындарының өтеуiн, құжаттар тапсырылған сәттен бастап оқу бiткеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жүргiзедi.
      4. Аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ «Абай аудандық жұмыспен және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде ресми тiркелген жұмыссыз азаматтар және кәсiби даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауға жiберiлгендер шығындарды өтеу құқығына ие.

2. Шығындардың өтеуiн алуға жүгiну

      5. Өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша банктегi жеке шотының нөмiрiн, СТН, жеке куәлiк нөмiрiн, тұрғылықты мекенжайын көрсете отырып, «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жазбаша өтiнiш берiп және қажеттi құжаттарды тапсырады:
      1) темiр жол көлiгiмен, жолаушылар автокөлiгiмен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе аталған тасымал түрлерiмен айналысатын мекеменiң жол жүрудiң құны туралы анықтамасы.
      2) медициналық куәландырудан өту, жатақханада тұру туралы төлем құжаттары.

3. Шығындарды өтеудiң мөлшерi

      6. Шығындардың толық өтелуi:
      1) медициналық куәландыру – құжаттармен расталған зерттеудiң құны үшiн;
      2) өңiр (облыс, аудан) шегiнде оқу орнына барып, қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшiн жүргiзiледi;
      7. Тұру шығындарының iшiнара өтелуi келесi мөлшерде жүргiзiледi:
      1) өзге жерден келген өтiнiш берушiлер Семей қалаларындағы жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бiрақ айына үш айлық есептiк көрсеткiштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айына үш айлық есептiк көрсеткiште.
      2) өзге жерден келген өтiнiш берушiлер басқа елдi мекендердегi жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бiрақ айына үш айлық есептiк көрсеткiштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – үш айлық есептiк көрсеткiште.
      8. Семей қалаларында оқитындар үшiн тамақтану шығындарының iшiнара өтелуi айына үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, облыстың басқа елдi мекендерде тұратындарға айына үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүргiзiледi.

4. Шығындарды өтеу төлемдерi

      9. Шығындарды өтеу төлемдерi халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      10. Кәсiптiк оқуға жiберiлген адамдардың тамақтану мен тұру шығындарын өтеу төлемдерi тапсырылған құжаттар негiзiнде өткен айға жүргiзiледi. Шығындарды өтеудi жедел төлеуге рұқсат етiледi.
      11. Шығындарды толық немесе iшiнара өтеу, қаражаттың түсуiне байланысты ақшалай нысанды өтiнiш берушiнiң жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады