Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 05 маусымдағы N 51 санды "Мемлекет басшысының "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау щеңберінде ауданда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурыздағы N 185 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірде N 5-5-107 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы N 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.06.16 N 223 қаулысымен
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7 бабы 5-4) тармақшасы18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкідігінің 2009 жылғы 05 маусымдағы № 51 санды «Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау щеңберінде ауданда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-96 нөмерімен 2009 жылдың 15 шілдесінде тіркелген, «Абай елі» газетінде 2009 жылдың 15-31 мамырында № 14 (072) нөмерінде жарияланған) қаулысының 5 тармағы төмендегідей өзгертіліп, келесі редакцияда жазылсын: «Жол картасы» щеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған бір жұмысшыға айына бюджеттен бөлінетін қаражат осы мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болуы тиіс.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі:                              Е. СҮЛЕЙМЕН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады