Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы N 223 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 шілдеде N 5-5-114 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011.11.29 N 106 қаулысымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 45791218-1 баптарына, «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыссыздарды және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге құрылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары жеке меншік нысандарының түрлеріне қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылады.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-бөлім) жасалған келісім-шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Келісім шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақы төлемінің мөлшері мен нақты шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
      5. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақысын төлеуге шыққан шығындар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақының елу пайыз мөлшерінде бөліммен жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара жұмыс берушінің есеп шотына аударылады.
      6. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі айына міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса жиырма мың тенге мөлшерінде Республикалық бюджет қаражаты есебінен бөліммен қатысушылардың жеке есеп шоттарына жүргізіледі.
      7. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі жұмыс берушімен ай сайын оның меншік қаражатынан атқарылатын жұмыстың мөлшеріне, сапасына және күрделілігіне байланысты және жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы тұлға мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу, ресми ұсыныстардың түсуі бойынша кезекті тәртіппен жүргізіледі.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
      11. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы № 51 Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау щеңберінде ауданда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы қаулысын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-96 нөмерімен 2009 жылдың 15 шілдесінде тіркелген, «Абай елі» газетінде 2009 жылдың 15-31 мамырында № 14 (072) нөмерінде жарияланған) және Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 05 маусымдағы № 51 санды Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау щеңберінде ауданда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-107 нөмерімен 2010 жылдың 07 сәуірінде тіркелген, «Абай елі» газетінде 2010 жылдың 20-31 мамырында № 14 (095) нөмерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      12. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі:                                        Е. СҮЛЕЙМЕН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады