2009 жылдың 23 желтоқсанындағы № 1040 "2010 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 тамыздағы N 27 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 31 тамызда N 5-6-116 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Аягөз ауданының әділет басқармасының 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 04-05/263 хаты

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Аягөз ауданының әділет басқармасының 2011.01.20 № 04-05/263 хаты.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын, 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 23 желтоқсанындағы № 1040 «2010 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-101 2010 жылдың 25 қаңтарында тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2010 жылғы 6 ақпандағы № 7-8 (9911-12) санында жарияланған) қаулысымен бекітілген «2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары» қосымшасы жаңа редакциясында бекітілсін.
      2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылдың 27 сәуірдегі № 2169 «2009 жылдың 23 желтоқсанындағы № 1040 «2010 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-108 2010 жылдың 19 мамырында тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2010 жылғы 29 мамырдағы № 26 (9930) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Байжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі                Ә. Мұхтарханов

Аягөз ауданының әкімдігінің
2010 жылғы 10 тамыздағы  
№ 27 қаулысымен бекітілген 

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін
ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары


 № р/р
 

Ұйымдар аты

Қоғамдық жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыстар көлемі

Сұраныс (жарияланған қажеттілік)

Ұсыныс (бекітілген)

Қаржыландыру

көзі

1

23 селолық, кенттік әкім аппараттары

Аумақ тазалығы, қоғамдық науқандық жұмыстар, экологиялық сауықтыру, мекеме тазалығы, құрылыс, жол жөндеу, әлеуметтік мәдени обьектілерді жөндеу, мерзімді жылыту жұмысы, күзет, шаруашылық жұмыс

1332 шаршы метр, бокс 50 шаршы метр, аумақ 512 шаршы метр, газон 464 шаршы метр, шырша ауданы 1160 шаршы метр, 500 шаршы метр, 968 шаршы метр, 23 селолық, кенттік округ

230

230

Аягөз ауданының бюджеті

2

Семей аумақтық мүгедектер қоғамының Аягөз бөлімшесінің Қоғамдық бірлестігінің басқармасы

Мекеме тазалығы, мүгедектердің көрпе, матрацтарын өңдеу, бау-бақша күзету, үй аралау, мүгедектерге көмек көрсету, мәдени шараларды өткізу, газет тарату, мекеме жылыту

Жаңа жыл 100 сыйлық, Наурыз 200 сыйлық, 60 адамға ас, 250 адамға наурыз көже, мүгедектер күні 420 сыйлық, 50 адамға газет, 20 га жер, 32 бау-бақша, 2 пеш, 86,1 шаршы метр

12

12

Аягөз ауданының бюджеті

3

«Қалалық үйкомшарқұрылыс» Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорын

Қалалық, елді мекен, өнеркәсіп орындар орналасқан жерлерді жинауға, әлеуметтік мәдени объектілерді, құрылыс жұмыстары, сәулет ескерткіштер, кешен аумақтарын қалпына келтіру, өңірлерде экологиялық сауықтыру, масштабы мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, шаруашылық жұмыстар, жол жөндеу

1868 мың шаршы метр, мерекелерге алаңды дайындау қала бойынша күл-қоқыс

201

201

Аягөз ауданының бюджеті

4

«Аягөз су» Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорын

Су құбырлары, канализация жүргізу жұмыстарына байланысты қосалқы жұмыстар, бас каналдардың көздерін, арық,өзендерді тазалау жұмыстарына қатысу, құрылыс, көпірлерді, каналдардың арналарын, арықтарды, жылғаларды, өзендерді тазалауға қатысу

312 құдықтың жөндеу жұмыстары

38

38

Аягөз ауданының бюджеті

5

«Арай», «Шынғыс» пәтер иелерінің кооперативі, «АбылхайровТ.А.»,жеке кәсіпкер «Алишер» жеке кәсіпкер

Тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу және баспалдақтарды тазалау, қоқыс тазалығы, ақтау, сырлау

53370 шаршы метр, 300 тонна, 34 тұрғын үй, 40 подъезды

54

54

Аягөз ауданының бюджеті және жұмыс берушілердің есебінен

6

«Аягөз аудандық ауыл шаруа-шылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Науқандық жұмыс: тұқым шаруашылығының құжаттарымен жұмыс, экологиялық сауықтыру

Егін шаруашы-лығымен айналысатын 49 шаруа қожалығы

1

1

Аягөз ауданының бюджеті

7

«Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әскерге шақыру жұмыстары

Әр жұмысшыға күніне 50 дербес іс толтыру, 50 әскерге шақырылушыны шақыру

6

6

Аягөз ауданының бюджеті

8

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Аягөз ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Хабарламаларды тарату, сұраныстарды таратып, жауабын алу, мұрағат құжаттарын түгендеу, реттеу жұмысы, салық төлеу нөмері мағлұматтарын түгендеу жұмысы

Хабарламаларды тарату-8910 дана; Сұраныс, жауап-1417 дана; мұрағат құжаттары-2910 дана, мағлұматтар енгізу-4765

4

4

Аягөз ауданының бюджеті

9

«Шығыс Қазақстан облысының әділет департаменті Аягөз ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жеке тұлғаларды тіркеу базасы, азаматтарды тіркеу біріңғай тіркеу базасымен жұмыс, сұраныстарды базаға және жұрналға тіркеу, тізілімдерді базаға енгізу, хат-хабарларды жолдау

Күніне 1000 дана тізілім; Хат-хабар 2000 дана

4

4

Аягөз ауданының бюджеті


Барлығы:



550

550


      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады