2009 жылдың 23 желтоқсанындағы № 1040 "2010 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 2169 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 19 мамырда N 5-6-108 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 тамыздағы N 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.08.10 N 27 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 18-1 баптарын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз аудандық әкімдігінің 2009 жылдың 23 желтоқсандағы № 1040 «2010 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-101 2010 жылдың 25 қаңтарында тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2010 жылғы 6 ақпандағы № 7-8 (9911-12) санында жарияланған) қаулысымен бекітілген «2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары» қосымшасы жаңа редакциясында бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Байжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында тіркеліп, ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі                      Н. Әзімбаев

Аягөз ауданының әкімдігінің 
2010 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 2169 қаулысымен бекітілген

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін
ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі,
қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары

№ р/р

Ұйымдар аты

Қоғамдық жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыстар көлемі

Сұраныс (жарияланған қажеттілік)

Ұсыныс (бекітілген)

Қаржыландыру көзі

1

23 селолық, кенттік әкім аппараттары

Аумақ тазалығы, қоғамдық науқандық жұмыстар, экологиялық сауықтыру, мекеме тазалығы, құрылыс, жол жөндеу, әлеуметтік мәдени обьектілерді жөндеу, мерзімді жылыту жұмысы, күзет, шаруашылық жұмыс

1332 шаршы метр, бокс 50 шаршы метр, аумақ 512 шаршы метр, газон 464 шаршы метр, шырша ауданы 1160 шаршы метр, 500 шаршы метр, 968 шаршы метр, 23 селолық, кенттік округ

264

264

Аягөз ауданының бюджеті

2

Семей аумақтық мүгедектер қоғамының Аягөз бөлімшесінің Қоғамдық бірлестігінің басқармасы

Мекеме тазалығы, мүгедектердің көрпе, матрацтарын өңдеу, бау-бақша күзету, үй аралау, мүгедектерге көмек көрсету, мәдени шараларды өткізу, газет тарату, мекеме жылыту

Жаңа жыл 100 сыйлық, Наурыз 200 сыйлық, 60 адамға ас, 250 адамға наурыз көже, мүгедектер күні 420 сыйлық, 50 адамға газет, 20 га жер, 32 бау-бақша, 2 пеш, 86,1 шаршы метр

12

12

Аягөз ауданының бюджеті

3

«Қалалық үйкомшарқұрылыс» Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорын

Қалалық, елді мекен, өнеркәсіп орындар орналасқан жерлерді жинауға, әлеуметтік мәдени объектілерді, құрылыс жұмыстары, сәулет ескерткіштер, кешен аумақтарын қалпына келтіру, өңірлерде экологиялық сауықтыру, масштабы мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, шаруашылық жұмыстар, жол жөндеу

1868 мың шаршы метр, мерекелерге алаңды дайындау қала бойынша күл-қоқыс

175

175

Аягөз ауданының бюджеті

4

«Аягөз су» Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорын

Су құбырлары, канализация жүргізу жұмыстарына байланысты қосалқы жұмыстар,бас каналдардың көздерін, арық,өзендерді тазалау жұмыстарына қатысу, құрылыс, көпірлерді, каналдардың арналарын, арықтарды, жылғаларды, өзендерді тазалауға қатысу

312 құдықтың жөндеу жұмыстары

38

38

Аягөз ауданының бюджеті

5

«Арай», «Шынғыс» пәтер иелерінің кооперативі, «Абылхайров Т.А.», жеке кәсіпкер «Алишер» жеке кәсіпкер

Тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу және баспалдақтарды тазалау, қоқыс тазалығы, ақтау, сырлау

53370 шаршы метр,

300 тонна, 34 тұрғын үй, 40 подъезді

54

54

Аягөз ауданының бюджеті және жұмыс берушілер-дің есебінен

6

«Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Науқандық жұмыс: тұқым шаруашылығының құжаттарымен жұмыс, экологиялық сауықтыру

Егін шаруашылығы мен айналысатын 49 шаруа қожалығы

6

6

Аягөз ауданының бюджеті

7

«Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әскерге шақыру жұмыстары

Әр жұмысшыға күніне 50 дербес іс толтыру, 50 әскерге шақырылушыны шақыру

1

1

Аягөз ауданының бюджеті


Барлығы



550

550


      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты: 
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа  зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады