Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012.01.19 N 34 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы № 1128-ХІІ «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 6-2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есепке алу және тіркеу үшін, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) саны аз заңды тұлға белгілері жоқ, саны 10 (онға) дейін кәмелетке толған азаматтармен діни топтарды (бұдан әрі – діни топ) есептік тіркеу және қайта тіркеу бойынша жұмысты жүргізсін.
2. Діни топ оны Бөлімде есептік тіркеуге қойған сәттен бастап діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.
3. Діни топ есептік тіркелу үшін Бөлімге келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі арыз;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топты құраушы кәмелетке толған азаматтардың тізімі;
3) топ мүшелері жиналысының хаттамасы.
4. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, Бөлім діни топты есептік тіркеу туралы деректерді 3-қосымшаға сай үлгіде заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу журналына енгізеді және құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей осы қаулының 4-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ діни топты есептік тіркеу жөніндегі анықтаманы береді.
5. Есептік тіркеу ақысыз жүргізіледі.
6. Діни топ өзінің қызметін нақты тоқтатқан немесе әділет органдарында мемлекеттік тұлға мәртебесімен діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде тіркеуден өткен жағдайда жергілікті атқарушы органның есептік тіркеуінен шығарылады.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов
Аягөз ауданының әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 28 қаулысына 1 қосымша
___________________________________________
(арызды тiркеушi органның атауы)
Заңды тұлға белгiлерi жоқ, саны аз дiни
топтарды есептiк тiркеу жөнiндегi
арыз
__________________________________________________________________
(топ жетекшiсiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________
(дiни топтың атауы, ұстанатын дiнi)
__________________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерiнiң саны)
__________________________________________________________________
(дiни топтың мекенжайы және ғибадат үйiнiң болуы)
__________________________________________________________________
(өз қызметiн соның шегiнде жүзеге асыратын аумағы)
Қолы
Күнi
Аягөз ауданының әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 28 қаулысына 2 қосымша
Заңды тұлға белгiлерi жоқ
саны аз дiни топты құраушы кәмелетке
толған азаматтардың тiзiмi
Р/с |
Тегi, аты, |
Туған жылы, айы, |
Тұрғылықты жерi |
Қолы |
Заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтың басшысының
Қолы
Күнi
Аягөз ауданының әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 28 қаулысына 3 қосымша
Заңды тұлғаның белгiлерi жоқ
саны аз дiни топтарды есептiк тiркеу
журналы
Р/с |
Тiркелген |
Дiни |
Дiни |
Дiни топтың |
Дiни топ |
Ғибадат |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенiң жалғасы:
Р/с |
Тiркелген |
Жетекшiнiң |
Есептiк тiркеу |
Есептiк тiркеу |
Ескерту |
1 |
2 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Аягөз ауданының әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 10 тамыздағы
№ 28 қаулысына 4 қосымша
Заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни
топтарды есептiк тiркеу жөнiндегi
анықтама
№ _____
200__ жылғы «___»____________ берiлдi
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның белгiлерi жоқ саны аз дiни топтың атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Топты тiркеген органның басшысы Қолы
Мөрi