Жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 тамыздағы N 96 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 30 қыркүйекте N 5-6-118 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012 жылғы 20 наурыздағы N 05/754 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012.03.20 N 05/754 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 57 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 58 баптарына сәйкес, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қабылдансын.
      2. Жастарды жұмысқа орналастыру төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
      1) қатысушылардың «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
      2) қатысушыларды іріктеу кезеңінде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;
      3) жасы 24 жасқа дейін;
      4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
      3. Жастарды жұмысқа орналастыру, меншік түріне тәуелсіз ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) Жұмыс беруші мен Бөлім арасындағы шарттың негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
      4. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған, Жұмыс беруші мен жұмысқа қабылданған Қатысушының арасындағы еңбек шартымен анықталады.
      5. Жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру кезінде, Қатысушылардың еңбек ақысы:
      1) толық айға бастауыш және орта кәсіби білім оқу орындарын бітіргендерге 1,2 ең төменгі еңбек ақы;
      2) толық айға жоғары оқу орындарын бітірген жас түлектерге 1,5 ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде жүргізіледі.
      6. Еңбек ақы төлеу, қаражатты Бөліммен Қатысушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсiн.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Аягөз ауданының әкімі                   Ә. Мұхтарханов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады