Аягөз қаласындағы Вернадский көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 191 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қазандағы N 01-02/28-11 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қарашада N 5-6-122 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағын, 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының Вернадский көшесінің атауы Оразхан Құлсейтов атындағы көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
 

Сессия төрағасы      Н. Дюсенбаев

Аудан әкімі      Ә. Мұхтарханов

Мәслихат хатшысы     М. Темеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады