Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012.03.20 N 05/754 хаты).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданының Қарағаш ауылдық округі бруцеллез ауруынан қолайсыз мекен деп жариялансын.
2. Аягөз ауданының Қарағаш ауылдық округі карантинді аймақ деп танылып, ветеринарлық шектеу қойылсын.
3. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторына (А. Муканов) (келісімі бойынша), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (М. Будукова) (келісімі бойынша), жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов
Келісілді:
Аягөз аудандық аумақтық
ауыл шаруашылық инспекциясының
мемлекеттік ветеринарлық-
санитарлық бас инспекторы А. Муканов
Аягөз аудандық санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы М. Будукова