Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 656 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 мамырда N 5-8-112 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы N 919 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011.03.25 N 919 қаулысымен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасының негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19202123 баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
      2. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С. Д. Сатыбалдиевқа (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) Әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында алдын-ала дәрігерлік тексеруден өткізу;
      2) оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтан өтпегендердің санынан, кезекті шақыруға жататындардан әскерге шақырылушылар топтары жасақталып, оқыту пунктеріне тапсыру.
      3. 1 қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу мен ұйымдастыру үшін шақыру комиссиясы құрылсын.
      4. 2 қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.
      5. Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры (бұдан әрі - Бородулиха ауданының МБ КМҚК) У.М. Эфендиевке (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақыру кезеңіне медициналық комиссияны өткізу және шақырылушылардан анализ қабылдауды, тұрғылықты мекен-жайы бойынша шақыру комиссиясының жіберуімен әскерге шақырылушыларды өткізу және емдеуді ұйымдастыру үшін Жезкент, Новошульба учаскелік ауруханасынан бөлме бөлу;
      2) шақыру кезеңіне шақырушыларды медициналық куәландыру үшін тәжірибелі медициналық қызметкерлер бөлу, шақыру медициналық комиссиясымен қайта қаралуға жіберілген шақырушылардың сапалы және кезектен тыс тексеруін қамтамасыз ету;
      3) кесте бойынша Бородулиха ауданының МБ КМҚК флюорограмма және ЭКГ өтуді, зәр мен қанның жалпы анализдерiн, топ және микрореакцияға қан тапсыруын қамтамасыз ету;
      4) шақыру комиссиясымен бекітілген мерзімде шақыру комиссиясының жіберуі бойынша шақырушылардың денсаулығын қосымша тексеру және емдеуді қамтамасыз ету;
      5) шақыру кезеңіне қорғаныс істері бойынша бөлімде жасөспірімдер дәрігерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      6) Шақыру учаскесін медициналық құралдармен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету.
      Ескерту. 6-тармақша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010.05.17 N 692 қаулысымен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау Комитеті Департаментінің Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы бойынша басқармасының бастығы Ғ. Қ. Сүлейменовқа (келісім бойынша) ұсынылсын:
      Шақырушылардан бруцеллезге, ЖИТС-ға қан анализін тапсыруды өткізу.
      7. Ведомстволық бағыныштылығына және меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдары мен мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына:
      1) шақырушылардың шақыру комиссиясына келуі мен хабарландыруын қамтамасыз ету;
      2) шақырушыларды стационарлық тексеру, сондай-ақ емханалық анализ тапсыру үшін жұмыстан босату, іс-сапарлардан, демалыстардан шақыртып алу ұсынылсын.
      8. Кенттік және ауылдық округтердің әкімдеріне:
      1) олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандықтары туралы шақырылушыларды хабардар ету және қорғаныс істері жөніндегі бөліммен белгіленген күндері шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз ету;
      2) бекітілген кесте бойынша шақырылушыларды жеткізу және жіберу.
      9. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының м.а. Б. А. Елемесов (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бұрын сотталған, жазасын өтеп келген, тергеудегі шақырылушылар туралы ақпарат беру;
      2) шақыру және жіберу кезінде шақыру пунктіне жасақ бөлу, тәртіп сақтауды қамтамасыз ету;
      3) әскери міндеттіліктен жалтарған тұлғалардың іздестіруін жүргізу.
      10.Қаржы-шаруашылық бөлімнің бастығы Т. Қ. Құсмановаға:
      1) 2010 жылға арналған аудан бюджетімен анықталып бөлінген қаржы шегінде келісім шарт жасау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөліммен ұсынылған өтінім негізінде қаржыландыруды қамтамасыз ету;
      2) 3 қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлердің жалақысының төлемін жасау.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
      12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                         Т. Касымов

      Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2010 ж. 23 сәуірдегі № 656
      қаулысына 1 қосымша

      Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы

      Шақыру комиссиясының төрағасы:
      Сатбек Жақыпұлы Сатыбалдиев – Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы;
      Шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары:
      Рыскүл Абузарқызы Атаева – аудан әкімінің орынбасары;
      
      Комиссия мүшелері:
      
      Құмарбек Сиязұлы Будумбаев – Бородулиха аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
      Севиндж Умудқызы Попп – Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының емдеу жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары, шақыру комиссиясының бас дәрігері;
      Шақыру комиссиясының хатшысы:
      Юлия Абыталыбовна Талыбова - Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі.
      
      
      Аппарат басшысы                                   С. Лазурин

      Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2010 ж. 23 сәуірдегі № 656
      қаулысына 2 қосымша

      Бородулиха ауданының кенттік және ауылдық округтері бойынша он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының жұмыс
      КЕСТЕСІ

Кенттік және
ауылдық
округтердің
атаулары

Азамат
тардың
барлығы

келу күндері бойынша

12.04.
2010 ж.

14.04.
2010 ж.

16.04.
2010 ж.

19.04.
2010 ж.

20.04.
2010 ж.

1

Бородулиха

43

43





2

Бақы

9

9





3

Дмитриевка

4


4




4

Новодворовка

1


1




5

Переменовка

1



1



6

Степной

3


3




7

Подборный

5


5




8

Белагаш

15


15




9

Жезкент

33



33



10

Новопокровка

14


14




11

Петропавловка

15



15



12

Зубаир

2




2


13

Андреевка

2




2


14

Уба–Форпост

1




1


15

Новошульба

25




25


16

Красный Яр

1




1


17

Жерновка

1


1




18

Ленин

1



1



19

Таврия

7


7




БАРЛЫҒЫ:

183

52

50

50

31


        
      Аппарат басшысы                                    С. Лазурин

      Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2010 ж. 23 сәуірдегі № 656
      қаулысына 3 қосымша

      Тіркелушіге–шақырылушыларға қызмет көрсетуге қажетті техникалық қызметкерлердің есебі

      Күніне қызмет көрсетілетін тіркелушілердің–шақырылушылардың саны – 50 адам (жеке бас істерін ресімдеу).
      1 тіркелушілерге–шақырылушыларға жұмсалатын уақыт – 30 минут, әңгімелесу, жеке бас істерін нақтылау және ресімдеу.
      20, 58 күндеріндегі жұмыс уақытының орташа айлық теңгерімі, 1 техникалық қызметкерге дөңгелектегенде айына 21.
      Жұмыс уақыты сағатының теңгерімі 1 техникалық қызметкерге айына 168 сағат.

Күніне
қызмет
көрсетілетін
тіркелу
шілердің–
шақырылу
шылардың
саны

1 тіркелушіге-
шақырылушыға
қызмет
көрсетуге
жұмсалатын
уақыт
(минут)

1 күнде
тіркелушіге-
шақыры
лушыға
қызмет
көрсетуге
жұмсалатын
уақыт
минут
бойынша

1 күнде
тіркелушіге-
шақыры
лушыға
қызмет
көрсетуге
жұмсалатын уақыт
сағат
бойынша

1 айда
қызмет
көрсетілетін
тіркелуші
лердің–
шақырылу
шылардың
саны
(жұмыс
уақытының
орташа
теңгерімі
21 күн)

1 айда
тіркелушіге-
шақырылушыға
қызмет
көрсетуге
жұмсалған
уақыт
сағат
бойынша

1 қызметкерге
айына 168
сағат
нормасын
ескергендегі
қажетті
техникалық
қызметкердің
саны

1

2

3

4

5

6

7

50

30

1500

25

1050

525

3

   
      Аппарат басшысы                                   С. Лазурин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады