Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.11.23 N 9-3-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына және 36-баптың 4-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Берілген қосымшаға сәйкес Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін.
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Сқақов
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Аргумбаев
Бородулиха аудандық мәслихатының
2010 жылғы 9 маусымдағы
№ 28-4-ІV шешіміне қосымша
Бородулиха аудандық мәслихатының шешімдеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-ІV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметік көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 10 ақпанында № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешіміне:
шешімнің кіріспе сөзбасындағы және Нұсқаулықтағы «Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы» деген сөз алынып тасталсын;
Ескерту. Қосымшаның 1-тармақшасының күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2) 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-14-ІV «Ауылдық (селолық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдық еңбекақыларының мөлшері мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруді белгілеу туралы)» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 17 ақпанында № 5-8-78 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 8 (6270) санында жарияланған) шешіміне:
шешімнің 1-тармағындағы «2009 жылға арналған» деген сөз алынып тасталсын;
3) 2009 жылғы 21 қазандағы № 20-4-ІV «2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12–ІV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беруді жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 30 қазанында № 5-8-95 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 50 (6312) санында жарияланған) шешіміне:
шешімнің 1-тармағының 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына» деген сөз алынып тасталсын;
Ескерту. Қосымшаның 3-тармақшасының күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 22-6-ІV «2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-ІV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» шешімге толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 18 қаңтарында № 5-8-102 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4 (6324) санында жарияланған) шешіміне:
шешімнің атауындағы «толықтырулар» сөзі «өзгерістер мен толықтырулар» деп оқылсын;
1-тармақтағы «толықтырулар» сөзі «өзгерістер мен толықтырулар» деп оқылсын;
Ескерту. Қосымшаның 4-тармақшасының күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5) 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-2-ІV « 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12–ІV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметік көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 6 сәуірдегі № 5-8-107 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 17 (6337) санында жарияланған) шешіміне:
шешімнің атауындағы және сәйкес мәтін бойынша одан әрі «мен толықтырулар» мен «мен толықтыру» сөзі алынып тасталсын;
Ескерту. Қосымшаның 5-тармақшасының күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6) 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-ІV «Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 15 сәуірдегі № 5-8-108 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 19 (6339) санында жарияланған) шешіміне:
шешімнің 2-тармағы «2009 жылғы 11 тамыздағы № 19-3-ІV «2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-10-ІV «Бородулиха ауданы халқының әлеуметтік қорғалатын тобына сатып алған көмірге шыққан шығындарын өтеу және тұрғын үй–коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 8 қыркүйегіндегі № 5-8-94 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 42 (6304) санында жарияланған)) шешім» сөзімен толықтырылсын;
Ереженің 1-тармағында:
бірінші азат жол келесі редакцияда жазылсын: «шекті жол берілетін шығыстар үлесі – отбасының шекті жол берілетін шығыстарының деңгейі айына күрделі жөндеуге және (немесе) ортақ меншіктегі кондоминиум объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге арналған қаражаттарды жинау жарналарына, коммуналдық қызметтер мен телефонға арналған абоненттік төлемдердің көбеюіне байланысты қызметтерге, телекоммуникация жүйесіне қосылуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдама төлемдеріне отбасының жиынтық табысының пайызбен есептегендегі қатысы»;
үшінші азат жол келесі редакцияда жазылсын: «уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй көмегін жүзеге асыратын атқарушы органы»;
Ереженің 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға арыз жазады және келесі құжаттарды тапсырады:
- жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
- тұрғын үй құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
- азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
- отбасының табысын растайтын құжаттың көшірмесі;
- ортақ меншіктегі кондоминиум объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалған мақсатты жарналардың көлемі туралы есеп;
- кондоминиум объектілері басқару органы ұсынған, осы органның басшысы қол қойып, растаған және пәтерлерді жалға берушілер мен меншік иелерінің ортақ жиналысында бекітілген, жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, ортақ меншіктегі кондоминиум объектілеріне жекелей күрделі жөндеу жүргізуге арналған смета шығыстарының негізінде ортақ меншіктегі кондоминиум объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге арналған қаражаттарды жинау жарналарының ай сайынғы көлемі туралы есеп;
- коммуналдық қызметті пайдалануға арналған есеп;
- телекомуникация қызметі үшін төленген түбіртек-есеп немесе байланыс қызметін көрсету келісім шартының көшірмесі;
- жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің көлемі туралы есеп».
Ереженің 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Ереженің 8-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алушылар өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттарды, коммуналдық қызметтер жөніндегі анықтамаларды әр тоқсан сайын тапсырады».
Ереженің 35-тармағы алынып тасталсын;
шешімнің № 1 қосымшасының атауы келесі редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй көмегін алуға арыз»;
шешімнің № 2 қосымшасы алынып тасталсын.