2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-12-ІV "Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 наурыздағы N 25-2-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 сәуірде N 5-8-107 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 6-4-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді, мәтін бойынша "мен толықтырулар" мен "мен толықтыру" сөздері алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010.06.09 N 28-4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының негізінде Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпанда № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 7-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «Әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғарғы оқу орындарында оқығаны үшін ақы төлеу аз қамтылған отбасылардан шыққандарға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға сәйкес ағымдағы жылы Бородулиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне көрсетіледі. Аз қамтылған отбасылардан шыққан жалпы білім беретін мектеп түлектеріне азаматтың жан басына шаққандағы орташа табысы сәйкес жылдың ағымдағы тоқсанына арналып облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар (отбасылар) жатады»;
      2) Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 7-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 7-тармағының 4) тармақшасындағы «оқу орнын аяқтау туралы дипломның көшірмесі (жас мамандар үшін);
      - күндізгі нысан бойынша оқу орнын аяқтағанын растайтын анықтама (жас мамандар үшін);
      - жас мамандар үшін сәйкес селолық округтің учаскелік комиссиясымен толтырылған және селолық округ әкімімен бекітілетін отбасының әлеуметтік картасы» сөйлемдері алынып тасталсын;
      4) Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 10-тармағындағы: «оқу орындарын аяқтағаннан кейін селолық және ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге)» сөзі алынып тасталсын;
      5) Нұсқаулықтың 3-бөлімінің 12-тармағындағы: «оқу орындарын аяқтағаннан кейін селолық және ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге)» сөзі алынып тасталсын;
      6) Нұсқаулықтың 3-бөлімінің 14-тармағының 4) тармақшасындағы: «оқу орындарын аяқтағаннан кейін селолық және ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) 150000 (жүз елу мың теңге) мөлшерінде» сөзі алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                           В. Лопатин
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                 Б. Аргумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады