2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-12-IV "Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беруді жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 қазандағы N 20-4-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қазанда N 5-8-95 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 6-4-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабы негізінде Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беруді жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпанда № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешімге, 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 17-9-IV «Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешіммен енгізілген өзгерістері бар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 28 cәуірде № 5-8-87 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 22-23 (6284-6285) санында жарияланған) шешімге, 2009 жылғы 17 шілдедегі № 18-15-IV «2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем беруді жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіммен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 19 тамыздағы № 5-8-92 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 40 (6302), 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 41 (6303) санында жарияланған) шешімге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешім атауында және одан әрі бүкіл мәтінде бойынша «әлеуметтік төлем», «әлеуметтік төлемдердің», «әлеуметтік төлемдер», «әлеуметтік төлемақының», «әлеуметтік төлемақы» сөздері «әлеуметтік көмек», «әлеуметтік көмекті», «әлеуметтік көмектің» сөздеріне өзгертілсін;
      2) шешім кіріспе сөзіндегі «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөзі «және өзін-өзі басқару» сөзімен толықтырылсын;
      3) шешімнің 1 тармағындағы «іске асыру тәртібі туралы» сөзі «көрсету бойынша» деп ауыстырылсын;
      4) Нұсқаулықтың кіріспе сөзі келесі редакцияда баяндалсын: «Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 20 бабына сәйкес әзірленді»;
      5) Нұсқаулықтың 1 бөлімінің 4 тармағы келесі редакцияда баяндалсын: «Жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялардан шыққан Бородулиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ларда оқығанына ақы төлеу үшін және мерзімді баспасөз құралдарына жазылу үшін берілетін әлеуметтік көмектен басқа әлеуметтік көмектер бір адамға жылына бір рет беріледі»;
      6) Нұсқаулықтың 2 бөлімінің 7 тармағының 4 тармақшасында және 9 тармағында «СТН көшірмесі» сөзінен кейін «ӘЖК (әлеуметтік жеке код) көшірмесі» сөзімен толықтырылсын;
      7) Нұсқаулықтың 2 бөлімінің 9 тармағында “Ұсынылған құжаттар жалған болған жағдайда өтініш беруші толық жауапкершілікке тартылады" сөйлемі алынып тасталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010.06.09 N 28-4-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                  А. Майер
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                        Б. Аргумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады