Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 118 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 05 сәуірде N 5-10-96 тіркелді. Күші жойылды (Жарма ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 23 ақпандағы № 372 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Жарма ауданы әкімі аппаратының 2011.02.23 № 372 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-4) тармақшалары, 18-1 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі,  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (ары қарай-әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай мерзіміне дейін ұйымдастырылсын.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанынан тәуелсіз кәсіпорындарында, ұйымдарда және мекемелерде ұйымдастырылсын (ары қарай - жұмыс беруші қосымшаға сәйкес).
      4. 2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің тізбесі бекітілсін (қосымша).
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарының құрылуы жұмыс берушінің аудандық жергілікті атқарушы органдармен шарты негізінде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері, жұмыс өлшемі, еңбек ақының мөлшері мен жағдайы, мерзімі және қаржы көздері көрсетілуі тиіс.
      6. Жұмыс берушінің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссызға төлейтін еңбекақы шығыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің елу пайызы ішінара тиісті жергілікті бюджет қаржысынан өтелсін.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу кезек тәртібімен, түскен ресми ұсыныс шаралары бойынша жүргізілсін.
      8. Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 192 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 1 шілде айында № 5-10-82 болып тіркелген), Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 100 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 15 маусым айында № 5-10-81 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылсын деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі                     Т. Қасымжанов

Жарма ауданы әкімдігінің
25 наурыздағы 2010 жылғы
№ 118 қаулысымен бекітілген

2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын
құратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

Жұмыс беру орындары Саны

1

«Асқар» шаруа қожалығы

6

2

Жеке кәсіпкер «Жолумбетова М.М.»

1

3

«Серт» шаруа қожалығы

2

4

«Әділ» шаруа қожалығы

3

5

«Жуан-тобе» шаруа қожалығы

3

6

«Самал» шаруа қожалығы

1

7

«Райхан» шаруа қожалығы

2

8

«Диляра» шаруа қожалығы

2


Барлығы

20

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады