Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2012.06.05 N 3/39-V шешімімен.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1 тармағы 8) тармақшасы негізінде, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған «Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді күтіп ұстау Ережесі» бекітілсін.
2. «Жарма ауданы елді мекендерінде мысықтар мен иттерді ұстау Ережелері туралы» 2006 жылғы 16 наурыздағы Жарма аудандық мәслихатының № 28-9 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-27 болып тіркелген, 2006 жылы 31 наурызда № 13 «Рауан-Восход» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К. Сқақов
Мәслихат хатшысы Д. Садықов
Жарма ауданы мәслихатының
2010 жылғы 27 шілдедегі № 23/184-ІV
шешімімен бекітілген
Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді
күтіп ұстау
Ережесі
1. Жалпы ережелер
Жарма ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді күтіп ұстау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленген.
1. Осы Ереженің қолданылуы Жарма ауданындағы иелігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.
2. Ит мысықты ұстау ветеринарлық, санитарлық-гигиеналық талаптар мен осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
1) бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, бағбандық және саяжайлық бірлестіктердің аумағында, демалыс базарларында иттерді байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгі уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшін қауіп төндіру мүмкіндіктерін болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет;
2) аумаққа және жеке үйлерге кірер есіктің маңдайшасында иттің бар екендігі туралы ескертпе жазба болуы тиіс;
3) күзетшілік қызметке пайдаланатын иттерді байлауда немесе торларда ұстауға;
4) иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтар бөліктерінде, жертөледе, шатырлар астында, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға рұқсат етілмейді;
5) иттер мен мысықтарды жолаушыларға арналған көліктерде тасымалдау кезінде, адамдардың мазасын алмауы және денесінің таза болуы қажет. Бұл кезде жануарлар тұмылдырықтанған немесе арнайы торларда (қораптарда) болуы тиіс;
6) қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иесіз жүрген иттер, иесі байлап кеткендерден басқасы, қараусыз деп есептеледі және қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын тиісті ұйымдардың аулауына жатады;
7) қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергілікті атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйым жүзеге асырады.
3. Тұрғын үйлер кооперативтерінің, жеке меншік пәтер кооперативтерінің, кондоминиумдардың иттер мен мысықтарды ұстау, бағып-күту ережесін қамтамасыз ету қажет.
4. Тұрғын үйлер кооперативтері мен жеке меншік үйлер иелерінің кооперативтері, кондоминиумдарға тиесілі аумақтарда және қосалқы жерлерінің аумақтарында ит мысықтарды серуендететін орындарға жазба-тақтайшалар мен белгілер орнатуы қажет.
2. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері
5. Жануарлар иелері төмендегі талаптарды сақтауға:
1) барлық иттер мен мысықтар иелері жануарларды сатып алған сәттен бастап ветеринария мамандарына хабарлауға және иелігіндегі жануарлар күшіктеген жағдайда ветеринарлық төлқұжат алуға;
2) жануарлар иелері аумақтың эпзоотологиялық жағдайына және ит пен мысықтың биологиялық ерекшеліктеріне сай ветеринар мамандарының нұсқамасына байланысты профилактикалық шараларды орындауға;
3) иттер мен мысықтар өзгеше бір мінез танытса, жарақаттанса, ауырса, өлген жағдайда ветеринариялық мекемелерге хабарлауға;
4) жануарларды биологиялық қажеттіліктеріне сәйкес асырап-күтуге, мейіріммен қарауға, одан әрі асырау мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа тұлғаларға немесе бұндай жануарларды бағып күтетін арнайы мекемелерге өткізуге тиіс.
6. Жануарлар иелеріне:
1) иттер мен мысықтардың терісін және етін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға рұқсат етілмейді;
2) ит пен мысықтарды және олардың күшіктерін ветеринарлық анықтамасыз және жануарларға арналған құжаттарсыз сатуға;
3) балаларға арналған аулалық және спорттық алаңдарда, қалалық жағажайлар мен мектепке дейінгі балалардың оқу орындарында, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және басқа да ауыл тұрғындарының жаппай демалатын орындарында серуендетуге болмайды.
3. Жануарларды серуендету тәртібі
7. Серуендеу алаңының айналасындағыларға мазасыздық және кедергі тудырмай, аумақтың санитарлық жағдайын сақтағанда тұмылдырық кигізілген және қысқа баудағы иттерді серуендетуге рұқсат етіледі.
8. Арнайы қоршалған аумақта және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иттерге рұқсат етіледі;
4. Ит, мысық иесінің құқықтары
9. Жануарлар өз иесінің жеке меншігі болып табылады және заңмен қорғалады.
10. Құтырма және ерекше қауіп төндіретін аурумен ауырған жағдайлардан басқа кезде жануарлар иесінен оның келісімі арқылы ғана алына алады.
5. Ветеринариялық қадағалау органдарының міндеттері
11. Жануарлар иелерінің ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды орындалуына, олардың өткізілу мерзімдеріне қадағалау жүргізуді іске асыру.
12. Ит пен мысықтар ауруларының алдын алуға және бұл жануарлар арқылы адамдар мен жануарларға аурулардың таралмауына жол бермеу, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге.
6. Қорытынды ереже
13. Осы Ереже талаптарын сақтамағаны үшін жануарлар иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
14. Жарма ауданы елді мекендерінде мысықтар мен иттерді ұстау Ережесінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.