Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 20.05.2013 N 115 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік жалдау үйлеріндегі тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Қасымжанов
Жарма ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 232 қаулысына № 1 қосымша
Қалбатау ауылындағы мемлекеттік жалдау үйлерін тұрғын үйлерді
пайдалануға төлем мөлшері
1. Қалбатау ауылының Нұршайхов көшесіндегі, 58/3 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = (570 650 (бес жүз жетпіс мың алты жүз елу) теңге (құрылыстың құны): 56 (елу алты) шаршы метр 80 (сексен) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 100 (жүз) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі ай) = 8 (сегіз) теңге 40 (қырық) тиын.
2. Қалбатау ауылының Абай көшесіндегі, 214 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = (850 000 (сегіз жүз елу мың) теңге (құрылыстың құны): 48 (қырық сегіз) шаршы метр 20 (жиырма) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 100 (жүз) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай) = 14 (он төрт) теңге 70 (жетпіс) тиын.
3. Қалбатау ауылының Искакова көшесіндегі, 18 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = (900 000 (тоғыз жүз мың) теңге (құрылыстың құны): 45 (қырық бес) шаршы метр 80 (сексен) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 100 (жүз) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай) = 16 (он алты) теңге 40 (қырық) тиын.
4. Қалбатау ауылының Шакенова көшесіндегі, 4 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 195 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = (22 700 (жиырма екі мың жеті жүз) теңге (құрылыстың құны): 63 (алпыс үш) шаршы метр 70 (жетпіс) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 50 (елу) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай = 37 (отыз жеті) теңге 80 (сексен) тиын
5. Қалбатау ауылының Искакова көшесіндегі, 44 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 195 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = (40807 (қырық мың сегіз жүз жеті) теңге (құрылыстың құны): 48 (қырық сегіз) шаршы метр 30 (отыз) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 100 (жүз) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай = 34 (отыз төрт) теңге.
6. Қалбатау ауылының Ақтамберді жырау көшесіндегі, 118 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 195 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = 40 793 (қырық мың жеті жүз тоқсан үш) теңге (құрылыстың құны): 85 (сексен бес) шаршы метр 80 (сексен) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 50 (елу) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай = 68 (алпыс сегіз) теңге.
Жарма ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 232 қаулысына № 2 қосымша
Ауэзов кентінің «А» кварталындағы, 23 үй 43 пәтер мемлекеттік
жалдау үйіндегі тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері
Ауэзов кентінің «А» кварталындағы, 23/43 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = (740 000 (жеті жүз қырық мың) теңге (құрылыстың құны): 42 (қырық екі) шаршы метр 70 (жетпіс) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 140 (жүз қырық) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай) = 10 (он) теңге 30 (отыз) тиын.
Жарма ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 232 қаулысына № 3 қосымша
Шар қаласының Варепа көшесіндегі, 18 мемлекеттік жалдау
үйіндегі тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері
Шар қаласының Варепа көшесіндегі, 18 мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = (750 000 (тоғыз жүз мың) теңге (құрылыстың құны): 52 (елу екі) шаршы метр 90 (тоқсан) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 100 (жүз) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай) = 11 (он бір) теңге 80 (сексен) тиын.
Жарма ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 232 қаулысына № 4 қосымша
Салқынтөбе ауылындағы мемлекеттік жалдау
үйіндегі тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері
Салқынтөбе ауылындағы мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 195 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = 4 808 (төрт мың сегіз жүз сегіз) теңге (құрылыстың құны): 62 (алпыс екі) шаршы метр 40 (қырық) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 100 (жүз) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай = 4 (төрт) теңге.
Жарма ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 232 қаулысына № 5 қосымша
Қарасу ауылындағы мемлекеттік жалдау
үйіндегі тұрғын үйлерді пайдалануға төлем мөлшері
1. Қарасу ауылындағы мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 195 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = 2 089 (екі мың сексен тоғыз) теңге (құрылыстың құны): 71 (жетпіс бір) шаршы метр 80 (сексен) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 50 (елу) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай = 3 (үш) теңге 50 (елу) тиын.
2. Қарасу ауылындағы мемлекеттік жалдау үйінен 1 айға өндірілетін жалдау төлемінің есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін формула бойынша (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 195 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалдау үйлерінен өндірілетін жалдау төлемін есептеу әдістемесі) есептеледі:
А = 1827 (мың сегіз жүз жиырма жеті) теңге (құрылыстың құны): 82 (сексен екі) шаршы метр 10 (он) шаршы сантиметр (пәтерлердің жалпы ауданы): 100 (жүз) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі) ай = 1 (бір) теңге 50 (елу) тиын.