Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Жарма ауданы әкімі аппаратының 2011.05.11 № 1113 хаты.
Жарма ауданның шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 және 44 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
1. Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу 2011 жылдың қаңтар-наурызында өткізілсін.
2. Шақыру учаскесіне тіркелетін 1994 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыру 2011 жылдың 25 қаңтарынан 2011 жылдың 31 наурызы аралығында жүргізілсін.
3. «Жарма ауданының № 1 медициналық бірлестігіне» КМҚҚ (Т. Брынзова, келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;
2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімдері тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын ұйымдастыру.
4. Аумақтық бірлікті әкімдері тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
5. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Өмірзақов) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.
6. «Жарма ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Есполов) міндеттелсін:
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеп және білім деңгейін тексеру;
2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлер іріктелу.
7. Жарма ауданының ішкі істер бөлімі (Ұ. Шарипов, келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау;
2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзіретті шегінде жүзеге асыру.
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі Т. Қасымжанов
Келісілді:
Жарма ауданының қорғаныс істері |
Ғ. Дайрабаев |
Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы |
Ұ. Шарипов |
Жарма ауданының № 1 медициналық бірлестігінің директоры |
Т. Брынзова |