Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2012.08.31 N 1147 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5 бабының 2-тармағы, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының тізбесіне қосымша мынадай санаттарды енгізуді көздесін:
1) мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;
2) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
3) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
4) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
5) 50 жастан асқан әйелдер;
6) 55 жастан асқан азаматтар;
7) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ. Ақтекеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов