Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 шілдедегі N 23-3/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 03 қыркүйекте N 5-11-121 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 07 қазандағы N 35-4/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2011.10.07  N 35-4/2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» № 66 Заңының 18-бабының 5-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде жыл сайын бюджет қаражаты есебінен біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешім  алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Б. Қошпанов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Н. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады