Азаматтардың кейбір санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 тамыздағы N 36 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 17 қыркүйекте N 5-11-122 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы N 978 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2012.05.10 N 978 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасы, Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-1 «Зайсан ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 31 желтоқсанда 5-11-107 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2010 жылғы 16 қаңтардағы № 3 санында жарияланған) сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына:
      1) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен немесе бұрын «Батыр Ана» даңқын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға;
      2) төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық көмек тағайындалсын.
      2. 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын «Батыр Ана» даңқын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық көмек көрсету нұсқаулығы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Ауданның аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарына материалдық көмек бөлу және төлеу туралы нұсқаулығы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Қаулыға № 3 қосымшаға сәйкес комиссия жаңа құрамда бекітілсін.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Зайсан ауданы әкімдігінің 2011.08.08 № 549 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Материалдық көмек көрсету және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгіленсін.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
      7. «Азаматтардың кейбір санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 776 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 11 тамызда 5-11-101 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2009 жылғы 29 тамыздағы № 36 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                         О. Ақтекенов

2010 жылғы 18 тамыздағы
Зайсан ауданы әкімдігінің
№ 36 қаулысына 1 қосымша

Аудан бойынша 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды
қорғау күндері қарсаңына «Алтын алқа», «Күміс алқа»
белгілерімен немесе бұрын «Батыр Ана» даңқын алған
және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп
балалы аналарға, төрт және одан да көп бірге тұратын жасы
кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық
көмек көрсету
Нұсқаулығы

      1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасы және Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы «Зайсан ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 17-1 шешімі негізінде көмек көрсетуді аудан аумағындағы азаматтардың кейбір санаттарына 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңында материалдық көмек көрсетуді белгілейді.
      2. Материалдық көмек алу құқығына аудан көлемінде тұратын төмендегі адамдар ие болады:
      1) 8-наурыз әйелдер күні қарсаңына «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
      2) 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына 4 және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналар.
      Материалдық көмекті қаржыландыру мен қаражатты шығындау «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдер» - 007-ші бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
      3. Көп балалы аналарға материалдық көмек:
      1) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп баласы бар аналарға;
      2) төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар аналарға ұсынылады.
      4. Көп балалы аналар материалдық көмек алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аталған қаржыны өз есеп шоттарына аударып беру туралы өтініш түсіреді. Өтінішпен бірге тапсырылатын құжаттар:
      1) жоғарыда аталған санатқа жататындығын дәлелдейтін құжаттар
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      3) жеке бас куәлігі, тұратын мекен-жайын анықтайтын құжаттар (азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұратын жерінен анықтама).
      5. Материалдық көмек төлеу аудандық зейнетақы төлеу орталығының мәлімет базасымен салыстырып тексерген соң жүргізіледі.
      6. Материалдық қаржылай көмек көрсету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Казпочта» ашық акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
      7. Материалдық көмек көрсету:
      8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күніне төленеді.


      Аппарат басшысы                         С. Әндірбаев

2010 жылғы 18 тамыздағы
Зайсан ауданы әкімдігінің
№ 36 қаулысына 2 қосымша

Аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға материалдық көмек бөлу және төлеу нұсқаулығы

      1. Бір жолғы материалдық көмек әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, шұғыл әлеуметтік қолдауды мұқтаж ететіндерге беріледі.
      2. Бір жолғы материалдық көмек бір адамға жылына бір реттен артық көрсетілмейді. Аса мұқтаж адамдарға комиссия ұйғарымы негізінде қайталанып көмек көрсетіледі.
      3. Материалдық көмек көрсету жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен осы мақсатқа азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемді бөлу жөніндегі комиссия хаттамасы бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
      4. Бір жолғы материалдық көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Зайсан ауданының тұрғылықты азаматтары алуға құқылы.
      5. Бір жолғы материалдық көмек аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар азаматтарға, мүгедектерге, жұмыссыз азаматтарға көрсетіледі.
      6. Материалдық көмек қайғылы жағдайлар нәтижесінде ауыр материалдық жағдайына және аурудың асқынған түрлеріне және басқа да тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға беріледі.
      7. Бір жолғы материалдық көмек төмендегі құжаттарды табыс еткенде бөлінеді:
      1) материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініш;
      2) жеке бас куәлігі;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) азаматтың материалдық көмекті қажет ететіндігін анықтайтын басқа да құжаттар (қайғылы, төтенше жағдай туралы құжаттар, ауырғаны туралы дәрігерлік анықтама, басқа да құжаттар);
      5) әлеуметтік карта (тұрғылықты жер бойынша учаскелік комиссия адамның, (отбасының) материалдық жағдайын тексеріп, қорытынды жасап комиссияға ұсыну үшін әлеуметтік карта толтырылады).
      8. Комиссия материалдық көмек көрсету және одан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
      9. Бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен көмек сұраған азаматтардың жеке есеп шотына қаржыны аудару жолымен төленеді.
      10. Зайсан ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті төлеуге жауапкершілік аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.


      Аппарат басшысы                   С. Әндірбаев

2010 жылғы 18 тамыздағы
Зайсан ауданы әкімдігінің
№ 36 қаулысына 3 қосымша

Азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы материалдық көмек
көрсету жөніндегі комиссия құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Зайсан ауданы әкімдігінің 2011.08.08 № 549 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қайырсынов Руслан Қайырбекұлы

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Қалимолданова Фариха Көлбайқызы

аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Буханова Сания Адылханқызы

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  сектор жетекшісі, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Көшербаев Бақыт Нүкешұлы

Зайсан қала әкімінің орынбасары

Завалко Валентина Владимировна

аудандық қаржы бөлімінің бастығы

Абдығалиева Сания Серікбайқызы

аудандық білім бөлімінің бастығы

Исаева Сауле Тоқтарқожақызы

ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік  құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі

Бортықаева Сауле Қабденқызы

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс бөлімінің кеңесшісі

      Аппарат басшысы                            Н. Қараталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады