Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2010.08.18 N 36 (қолданысқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасы, Зайсан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 10-1 «Зайсан ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда 5-11-87 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2009 жылғы 17 қаңтардағы № 3 санында жарияланған) сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына:
1) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын «Батыр Ана» даңқын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға;
2) төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық көмек тағайындалсын.
2. 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын «Батыр Ана» даңқын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен мараптатталған көп балалы аналарға, төрт және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық көмек көрсету нұсқаулығы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Ауданның аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарына материалдық көмек бөлу және төлеу нұсқаулығы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Аз қамтылған әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға материалдық көмек беру жөнінде комиссия құрамы 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Аз қамтылған әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға бөлінген қаржыны комиссияның шешімінің негізінде тиісті азаматтарға аударып беру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
6. Материалдық көмек көрсету және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгіленсін.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары О. Ақтекеновке жүктелсін.
8. «Зайсан ауданы бойынша азаматтардың кейбір санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» Зайсан ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 316 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 25 маусымда 5-11-79 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 29 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов
2009 жылғы 9 шілдедегі
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 776 қаулысына 1-қосымша
8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері
қарсаңына «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын
«Батыр Ана» даңқын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы»
орденімен мараптталған көп балалы аналарға, төрт және одан көп
бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы
аналарға материалдық көмек көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында жасалған және Зайсан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 10-1 «Зайсан ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» шешімі бойынша аудан аумағындағы азаматтардың кейбір санаттарына 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына материалдық көмек көрсетуді бекітеді.
2. Материалдық көмек алу құқығына аудан көлемінде тұратын төмендегі адамдар ие болады:
1) 8-наурыз әйелдер күні қарсаңында «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
2) 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына 4 және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналар.
3. 8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күндері қарсаңына көрсетілген материалдық көмек көрсетуде аудандық бюджет бағдарламасының әкімгері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
Материалдық көмекті қаржыландыру мен қаражатты шығындау аудандық маслихаттың шешімі бойынша азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдер» - 007-ші бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
4. Көп балалы аналарға материалдық көмек:
1) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп баласы бар аналарға;
2) 4 және одан да көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар аналарға ұсынылады.
5. Көп балалы аналар материалдық көмек алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аталған қаржыны өз есепшоттарына аударып беру туралы өтініш түсіреді. Өтінішпен бірге тапсырылатын құжаттар:
1) жоғарыда аталған санатқа жататындығын дәлелдейтін құжаттар
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі
3) жеке бас куәлігі
тұратын мекен-жайын анықтайтын құжаттар (азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұратын жерінен анықтама).
6. Материалдық көмек төлеу аудандық зейнетақы төлеу орталығының мәлімет базасымен салыстырып тексерген соң жүргізіледі.
7. Материалдық қаржылай көмек көрсету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Казпочта» ашық акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
8. Материалдық көмек көрсету:
8-наурыз әйелдер күні мен 1-маусым балаларды қорғау күніне төленеді.
9. Материалдық көмекке бөлінетін жергілікті бюджет қаржысының мақсатты бөлінуін іске асыру жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
2009 жылғы 9 шілдедегі
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 776 қаулысына 2-қосымша
Аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға
материалдық көмек бөлу және төлеу
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Бір жолғы материалдық көмек әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, шұғыл әлеуметтік қолдауды мұқтаж ететіндерге беріледі.
2. Бір жолғы материалдық көмек бір адамға жылына бір реттен артық көрсетілмейді. Аса мұқтаж адамдарға комиссия ұйғарымы негізінде қайталанып көмек көрсетіледі.
3. Материалдық көмек көрсету жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен осы мақсатқа азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемді бөлу жөніндегі комиссия хаттамасы бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
4. Бір жолғы материалдық көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Зайсан ауданының тұрғылықты азаматтары алуға құқылы.
5. Бір жолғы материалдық көмек аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар азаматтарға, мүгедектерге, жұмыссыз азаматтарға көрсетіледі.
6. Материалдық көмек қайғылы жағдайлар нәтижесінде ауыр материалдық жағдайына және аурудың асқынған түрлеріне және басқа да тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға беріледі.
7. Бір жолғы материалдық көмек төмендегі құжаттарды табыс еткенде бөлінеді:
1) материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініш;
2) жеке бас куәлігі;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4) азаматтардың материалдық көмекті қажет ететіндігін анықтайтын басқа да құжаттар (қайғылы, төтенше жағдай туралы құжаттар, ауырғаны туралы дәрігерлік анықтама, басқа да құжаттар);
5) әлеуметтік карта (тұрғылықты жер бойынша учаскелік комиссия адамның, (отбасының) материалдық жағдайын тексеріп, қорытынды жасап комиссияға ұсыну үшін әлеуметтік карта толтырылады);
8. Комиссия материалдық көмек көрсету және одан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
9. Бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен көмек сұраған азаматтардың жеке есепшотына қаржыны аудару жолымен төленеді.
10. Зайсан ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті төлеуге жауапкершілік аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.
11. Зайсан ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті көрсетуге бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылау жасауды қаржы бөлімі жүзеге асырады.
2009 жылғы 9 шілдедегі
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 776 қаулысына 3 қосымша
Аудан азаматтарының кейбір санаттарына бір жолғы
материалдық көмек төлеу жөніндегі
комиссия құрамы
Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы |
- аудан әкімінің орынбасары, |
Қинашев Болат Қинашұлы |
- аудандық жұмыспен қамту және |
Буханова Сәния Адылханқызы |
- аудандық жұмыспен қамту |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Көшербаев Бақыт Нүкешұлы |
- Зайсан қаласы әкімінің |
Завалко Валентина Владимировна |
- аудандық қаржы бөлімінің |
Абдығалиева Сәния Серікбайқызы |
- аудандық білім бөлімінің |
Исаева Сәуле Тоқтарқожақызы |
- аудан әкімі аппаратының кеңсе |
Бортықаева Сәуле Қабденқызы |
- Зайсан қала әкімінің |