РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зайсан қаласындағы «14-маусым» атындағы көшенің атауы «Шәмшіқұмар Мұқатаева» атындағы көше деп өзгертілсін.
2. Көшенің атауын өзгертуге байланысты тиісті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу Зайсан қала әкіміне міндеттелсін.
3. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ.Б. Чайқынов |
Аудан әкімі С.З. Зайнулдин |
Аудандық мәслихат Н.Қ. Бейсенов |