РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының, 4 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Кеңсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбітшілік көшесінің атауы Мұрат Түсенов көшесіне өзгертілсін.
2. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кеңсай ауылдық округінің әкімі Ж. Абдрахманов