2010 жылға аудан тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 тамыздағы N 37 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 20 тамызда N 5-13-77 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 184 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай ауданы әкімінің 2010.12.27 N 184 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 5, 7 баптары негізінде, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға аудан тұрғындарының келесi мақсатты топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
      3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты үнемi күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарына босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      11) жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс берушi – жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      12) мектепте мен кәсіптік және жоғары оқу мекемелерінің түлектері;
      13) өндiрiстi ұйымдастырудың өзгеруiне, соның iшiнде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күнi режимінде жұмыс iстейтiндер;
      14) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
      15) жазғы каникул уақытындағы демалыстағы адамдар;
      16) 50 жастан асқан әйелдер;
      17) 55 жастан асқан азаматтар;
      18) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс iстемейтiн адамдар.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Д. Чукубаева) осы қаулыны аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейiн күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      4. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі "Катоқарағай ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі туралы" № 10 қаулысының күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Қ. Сәдуовқа жүктелсiн.

      Аудан әкімі                              А. Бекбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады