Күршім ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қазанда N 5-14-116 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес Күршім ауылы Черкасов, Трубачев, Лесников, Западный көшелері тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, ШЕШТІ:
      1. Күршім ауылының көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Черкасов көшесі - Шаяхметов Мұхаммедқалым Шаяхметұлы көшесіне;
      2) Трубачев көшесі - Әшім Маткаримов көшесіне;
      3) Лесников көшесі - Білімбаев Нағымбек Қабдуалиұлы көшесіне;
      4) Западный көшесі - Қойлыбай Аңғышбаев көшесіне.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауылдық округінің әкімі Э. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады