Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті аудандық мәслихатының 07.11.2013 N 19-4/6 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-15-72 болып тіркелген, «Жұлдыз» газетінің 2010 жылғы 18 қыркүйегінің № 37 саңында жарияланған) № 24-5/2 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Ережесінде:
2 тармақта «тұрмысы төмен» деген сөзден кейін «және әлеуметтік жағынан қорғалатын» деген сөздермен толықтырылсын;
7 тармақтың 2) тармақшасы жаңа басылымда мазмұндалсын:
«2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
18 жасқа толмаған бірінші және екінші топтағы мүгедек балаларды күтетін тұлғалар, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғалар;
мүгедектік тобы жоқ, бірақ туберкулез, онкология диспансерлерінде есепте тұрған тұлғалар;
жеті жасқа дейінгі балаларды, сонымен қатар төрт немесе одан да көп 18 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар;
50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан)»;
21 тармақ алынсын.
25 тармақтың 1) тармақшасындағы «(сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда)» және 3) тармақшасындағы «(анықтама ұсынған жағдайда)» деген сөздер алынсын.
28 тармақта «бау-бақшалардан» деген сөзден кейін «және құстардан» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы К.Қожаева
Көкпекті аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Бочкарева