Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті аудандық мәслихатының 2012.04.10 N 3-5/5) шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесі бекітілсін.
2. Көкпекті аудандық мәслихатының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесі» № 13-7/1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 18 сәуірінде № 2292 болып тіркелген, «Новая жизнь» газетінің 2005 жылғы 21 мамырда № 21, 2005 жылғы 28 мамырда № 22 сандарында, «Жұлдыз» газетінің 2005 жылғы 21 мамырда № 21, 2005 жылғы 28 мамырда № 22 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ә. Ахатов
Көкпекті аудандық
мәслихатының хатшысы Л. Бочкарева
Көкпекті аудандық мәслихатының
2010 жылғы 27 шілдедегі
№ 24-5/2 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы төмен «және әлеуметтік жағынан қорғалатын отбасыларына (азаматтарға):
коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне беріледі.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 2010.11.02 N 25-4/1 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға төлемақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының жиынтық табыстарының 20 % мөлшерінде белгіленеді.
6. Коммуналдық қызмет ұсынушылар уәкілетті органға нақты монополияны реттеу және бәсекені қорғау бойынша уәкілетті органмен келісілген коммуналдық қызметтерге тарифтерді, олардың өзгерісі туралы мәлімет ұсынады. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормалары шектеуінде қызмет берушімен ұсынылатын жылу берудің жоғалтылуы есепке алынады.
Коммуналдық қызметтерге тарифтер заңнамамен бекітілген тәртіппен анықталмаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау тұрғын үй иелерінің жалпы жиналысында бекітілген және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімімен келісілген тариф бойынша жүргізіледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
7. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқтар:
1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үй (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй жайларын жалға берген;
2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
18 жасқа толмаған бірінші және екінші топтағы мүгедек балаларды күтетін тұлғалар, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғалар;
мүгедектік тобы жоқ, бірақ туберкулез, онкология диспансерлерінде есепте тұрған тұлғалар;
жеті жасқа дейінгі балаларды, сонымен қатар төрт немесе одан да көп 18 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар;
50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан);
3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген болса.
Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 2010.11.02 N 25-4/1 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
8. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға дейін айырылады.
9. Тұрғын үй көмегін алуға алғаш өтініш білдірген және өтініш білдіру кезіне коммуналдық қызметтер төлемақысы бойынша берешектері бар отбасыларға тұрғын үй көмегі коммуналдық қызмет ұсынушының тарифтері бойынша берешегіне қарамастан тағайындалады.
10. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
11. Тұрғын үй көмегін алушылар тоқсан сайын отбасының кірісін растайтын құжаттар, өтініш берілген тоқсан алдындағы тоқсандағы коммуналдық қызметті тұтынуға шот түбіртегін ұсынады. Тұрғын үй көмегі тағайындалған айдан бастап коммуналдық қызметтің ағымдағы төлемақыларын тұрақты төлеген жағдайда тағайындалады.
12. Тұрғын үй көмегін ұсынуға негіздеме уәкілетті органның шешімі болып табылады.
13. Электр қуатымен, газбен қамтамасыз ету, тұрғын үйді ұстау және лифттерді күту бойынша шығындар өтініш берілген тоқсан алдындағы тоқсандағы орташа түбіртек-шот бойынша есепке алынады. Жылумен, сумен қамтамасыз ету, кәріз, қоқыс тазарту, байланыс қызметтеріне шығындар қызмет берушілер тарифі бойынша алынады.
14. Халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуіне өтемақы көлемі әрекеттегі абоненттік төлемақы және әрекет еткен абоненттік төлемақы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
15. Коммуналдық қызмет тұтынуды есептейтін қондырғылары бар тұтынушылар үшін есептеуге қолданылатын шығындар есептеу қондырғыларының көрсеткіштері негізінде қызметтер толық көлемде көрсетілген, алдыңғы немесе соңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша анықталады. Сәуір айындағы есепке қолданылатын шығындар сәуір айына ұсынылған түбіртек-шотқа сәйкес нақты шығындар бойынша алынады.
16. Тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылу беру жүйесі болмаған жағдайда жылу беру және ыстық сумен қамтамасыз етуге төлемақы мөлшері әлеуметтік нормаларға сәйкес электр қуатына аударылған сомадан есептеледі.
17. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:
1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда - өтініш беруші ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы да ұсынуы тиіс.
18. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. Толық емес айға тұрғын үй көмегін алу құқығы туындаған кезде, тұрғын үй көмегі сол айдан кейінгі айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-жұлдызына дейін қабылданады.
19. Екінші рет тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш білдірілген жағдайда тұрғын үй көмегі құжаттардың ұсынылу уақытына қарамастан бір тоқсанға ағымдағы тоқсанда тағайындалады. Егерде ағымдағы тоқсанда құжаттар ұсынылмаса тұрғын үй көмегін тағайындау өтішін білдірілген айдан бастап аударылады.
20. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез келген өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлауы тиіс.
21. алып тасталды - Көкпекті аудандық мәслихатының 2010.11.02 N 25-4/1 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен..
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және
коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері
22. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі нормалар есепке алынады:
1. Аудан нормалары:
Жалғыз басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
Екі адамнан тұратын отбасы үшін – 45 шаршы метр;
Үш адамнан тұратын отбасы үшін – 55 шаршы метр;
Төрт немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін – әр адамға 15 шаршы метрден, бірақ 60 шаршы метрден аспауы қажет.
2. Тұрғын үйді ұстау шығындарының нормасы – 1 шаршы метрге 50 теңге.
3. Бір айдағы бір адамға газ шығыны – 6,5кг.
4. Электр энергиясын тұтыну нормасы:
1 адам тұрған жағдайда – 90 кВт;
1 адамнан көп адам тұрған жағдайда - әр адамға 45 кВт, барлығы 300 квт аспау керек.
5. Сумен жабдықтау нормасы:
Сутартқы құдығынан суды пайданалатын тұрғын үйлер:
1 адамға суды шығындау тәулігіне 25 литр.
4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың
(отбасыларының) жиынтық кірісін есептеу
23. Отбасының жиынтық табысын есептегенде табыстардың келесі түрлерінен басқа барлық түрлері есепке алынады:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
3) тұрғын үй көмегі;
4) жерлеуге берілетін бір жолғы жәрдемақы;
5) бала тууына байланысты төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
6) он минималды есептік көрсеткіш көлемінен аспайтын мөлшерде жергілікті атқарушы органдармен ұсынылатын бір жолғы материалдық көмек;
7) осы отбасында тұрмайтын тұлғаларға отбасының бір мүшесімен төленетін алимент;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін заттай көмек түрлері:
дәрі-дәрмектер;
санаториялық-курорттық емдеулер;
протезді-ортопедиялық бұйымдар (әзірлеу және жөндеу);
мүгедектерге берілетін қозғалыс құралдары (кресло-коляска) және басқа да реабилитациялық заттар;
9) білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарында көрсетілетін тегін тамақ және көмек.
24. Жоғары және орта оқу орындарында күндізгі оқу нысанында келісім шарт негізінде оқитын студенттері бар отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу кезінде отбасының жиынтық табысы ай сайынғы оқу төлемақысының мөлшерінен кем болмауы қажет.
25. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз есептеледі, егер төлеуші:
1) жұмыс істемейді және алименттерді төлеу бойынша қарыздары бар болса немесе оның мекен-жайы белгісіз болғанда;
2) бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болғанда;
3) туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторийлерінде (ЕЕП) емделуде немесе тіркеуде болғанда.
Ескерту. 25 тармаққа өзгерістер енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 2010.11.02 N 25-4/1 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
26. Әділет органдарымен тұрақты тұрғылықты жерлері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген тұлғалар отбасы құрамында есептеледі. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
27. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлем алған кезде, жиынтық табыста алынған барлық табыс сомасы есепке алынады.
28. Ауылдық жерлерде тұратындар үшін қосалқы шаруашылықтан түскен табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан және құстардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанына бір ірі қара мал басы болғанда жеті есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, екі, үш ірі мал басы болған жағдайда он есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал төрт немесе одан да көп ірі қара мал басы болған жағдайда он бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Ескерту. 28 тармаққа өзгерістер енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 2010.11.02 N 25-4/1 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
29. Ереженің 4 қосымшасына сәйкес жиынтық табысты есептеген кезде тамақ өнімі үшін жас үй малының, құстардың өнімдері есепке алынбайды.
30. Жеке кәсіпкерлік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын
тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру
тәртібі
31. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі жылына бір рет ұсынылады.
32. Жергілікті жылыту жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрған ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
33. Көмір құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдайымен алынған ақпарат қолданылады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
34. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
35. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыруы және төлеу
36. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен беріледі және тоқсанына бір рет төленеді.
37. Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөліміне_______________________________
(өтініш берушінің аты-жөні, мекен жайы) _______________________________________
жеке бас куәлігінің № _________________
берілген уақыты _______________________
СТН № ______________________________
телефон:
Өтініш
Мен__________________________________________________________________
Тұрғын үй меншігі иесінің аты-жөні, әкесінің аты, туған жылы
_____________________________________________________________________
Жеке куәлігі құжатының нөмірі, берген мекеме, берілген күні, СТН
Сізден саны ____ адамнан тұратын, мына ___________________________________________
Мекен-жайда тұратын менің отбасыма үйді ұстауға және тұрғын-үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін кеткен шығындарды өтеу үшін тұрғын үй көмегін есептеуіңізді сұраймын.
Қажетті құжаттарды ұсынамын.
Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттар бергені үшін жауапкершілік туралы ескерілді.
мерзімі:_____________________
өтініш берушінің қолы____________________
__________________________________________________________________ кесу сызығы
Құжат қабылдаған маманның аты-жөні ________________________
Мерзімі __________________________
Сатып алған көмір туралы
АКТ
_________________________
«_____» _____________ 201___ ж.
Біз, төменде қол қойғандар:
Комиссия төрағасы:____________________________________________
(Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері:
__________________________________________
___________________________________________________________________
(комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
______________________________________________ тұрмыстық жағдайын
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Және сатып алған көмірін тексеріп, төмендегідегіні анықтадық:
_________________________________________________ отбасы
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
201_ - 201 жылғы қысқа, құны ________ тенге сомасында, мөлшері ________ тонна көмір сатып алды.
Өнім берушінің деректері: _________________________________________
(Т.А.Ә. тұрғылықты мекенжайы)
__________________________________
(жеке куәлігінің деректері)
____________________________________
(СТТН, ӘЖК)
___________________________________________
(патентінің немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нөмірі)
Комиссия төрағасы (төрайымы): __________________________ ______
МО (Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері
Акт менің қатысуыммен толтырылды, актіде жазылғандармен келісемін:
_________________________ «____» ______________ 201 __ж.
(Қолы) (Күні)
Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері жөніндегі
№_________ ШЕШІМ (көшірмесі)
200_____ жылғы “____” ____________ істің №_________
1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережеге сәйкес тағайындалсын:
ТЕГІ_________________________________________________________
АТЫ__________________________________________________________
ӘКЕСІНІҢ АТЫ_________________________________________________
Отбасы мүшелерінің саны______________________________________
Туған күні_____________________________Жынысы______________________
(күні, айы, жылы) (ер, әйел)
Тұрғылықты жердің мекен жайы (нақты)_______________________________
Жеке куәлігінің №____________ 200____ жылғы “____”_________________
Берген жері________________________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)_______________________________
Өтініш жасаған уақыты______________________________________________
Төленетін тұрғын үй көмегінің мөлшері 200 жылғы “_____”________
______________________________________________________________ сомада
(санмен және жазбаша сома)
Қызмет көрсететін банкідегі жеке шоттың №__________________________
2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге бас тартылсын_______________________
___________________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
Бөлім басшысы ________________(А.Ж.Т)
Бөлім маманы ________________(А.Ж.Т)
Өнімді пайдалану үшін үйдегі
мал мен құстың жасы
Малдардың түрі |
Өнімді жағдайға жеткен жас мал мен құстың жасы |
Ірі қара мал |
25 |
Қой және ешкі |
12 |
Шошқа |
10 |
Жылқы |
16 |
Түйе |
18 |
Құс |
8 |