Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті аудандық мәслихатының 2012.06.06 N 4-2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы К.Қожаева
Көкпекті аудандық
мәслихатының хатшысы Л.Бочкарева
Көкпекті аудандық мәслихатының
2010 жылғы 2 қарашадағы
№ 25-4/3 шешімімен бекітілді
Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
Ережесі І. Жалпы ережелер
1. Осы Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереженің күші Көкпекті аудандағы жеке және басқадай меншігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.
ІІ. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібі
3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық - гигиеналық, ветеринарлық - санитарлық талаптар мен осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда;
бірнеше жанұялар тұратын пәтерде, тек өзі тұратын тұрғын үй көлемінде (пәтерде тұратын барлығының жазбаша келісімімен);
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, бағбандық және саяжайлық бірлестіктердің аумағында, демалыс базаларында иттерді байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгі уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшін қауіп төндіру мүмкіндіктерін болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет. Аумаққа кіреберісте тиісті жазу жазылған ескерту кестесін қамтамасыз ету қажет.
4. Барлық иттер мен мысықтар оларды иелері сатып алған сәттен бастап тіркеуге және вакцинациялауға жатады. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде иелеріне тиісті уәкілетті мемлекеттік орган – өз өкілеті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы ветеринарлық төлқұжат береді.
5. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтар бөліктерінде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда жеке (тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға рұқсат етілмейді.
6. Иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға рұқсат етілмейді.
7. Иттерді таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге рұқсат етілмейді.
8. Тұрғындарға жануарларды аулаумен айналасатын ұйымдарға өзінің аумағында бұралқы иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау ұсынылады.
9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарла, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иесіз жүрген иттер, иесі байлап кеткендерден басқасы, қараусыз деп есептеледі және қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын тиісті ұйымдардың аулауына жатады.
10. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергілікті атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйым жүзеге асырады.
11. Серуендетуге рұқсат беріледі:
1) айналасындағыларға мазасыздық және кедергі тудырмай, аумақтың санитарлық жағдайын сақтағанда тұмылдырық кигізілген (сәндік тұқымды иттерден басқалары) және қысқа баудағы иттерді;
2) қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иттерді.
12. Иттерді серуендетуге тыйым салынады:
1) балалар ауласында және спорттық алаңқайларда, қалалық жағажайларда, мектепке дейінгі балалар және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және басқа қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;
2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық іс-шаралар өтетін жерлерде адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстарды орындайтын қызметтік иттерді және көзі нашар көретін адамдар үшін жетектеуші иттерді қоспағанда.
ІІІ. Қорытынды ережелер
13. Көкпекті ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
14. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.